×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Атомдар мен молекулалар. Молекула деген не?

Создание интернет магазина

Табиғаттағы барлық заттар атомдар мен молекулалардан құралған. Атом дегеніміз бұл заттың ең ұсақ және "бөлінбейтің" бөлігі. Мысалы темір металы атомының өлшемі 1,26*10-10 м.

Бұл өте кішкентай шама, соңдықтан атом көзбен де, қарапайым микроскоп арқылы да көрінбейді.

Атомдар барлық заттардың құрамына еңеді, табиғаттағы барлық заттар бұлардан құралған. Мыс, темір, қалайы, қорғасын, пластмасса, ағаш, су, көмір және басқа заттар атомдардан құралған.

Молекулалар

Молекула деген не? Бірнеше атом бірігіп молекуланы құрайды. Мысалы судын молекуласы мынандай:

Судың молекуласы

Судын бір молекуласы - бір өттегі атомынан (O) және екі сутегі атомынан (H) құралған. Мұхиттар мен теңіздердегі су осындай молекулалардан құралған.

Табиғатта 92 түрлі атом бар (жасанды жолмен ғалымдар бірнеше жаңа атом жасаған), ал осы атомдардан құралған молекулалар саны бірнеше милионнан асады.

Сіз білетің - темір, мыс, алюминий, алтын, күміс, қорғасын, қалайы, оттегі (оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады) сияқты заттар атомдардан құралған.

Заттардың химиялық және физикалық қасиеттері

Молекулалар заттың физикалық және химиялық қасиеттерің аңықтайды. Заттың балқу температурасын, қаттылығын, тығыздығын, түсін молекулалар аңықтайды.

Молекулаларға еңетің атомдардың түрі және саны осы молекулалардан құралған заттардың физикалық және химиялық қасиеттерің аңықтайды.

Атомдар мен молекулалар және олардың қасиеттерің химия ғылымы зерттейді.

Атомдар ілімінің пайда болуы

Атомдар жайлы ілімнің негізің қалаушысы деп көне гректің ойшылы Демокритті (б.з.д 460-370 жылдары) атауға болады. Демокрит көне грек оқымыстысы.

Демокрит табиғаттағы барлық заттардың өте ұсақ, бөлінбейтің бөлігі бар деп, сонау көне заманда болжаған. Оның ілімі оң тоғызыншы ғасырда дәлелденген.

1860 жылы, қазіргі Германияның Карлсруэ қаласында болған химиктердің съезінде, атом мен молекула деген терминдерге нақты аңықтама берілді.

Атомдар неден құралған?

Заттар атомдардан құралса, атомдар неден құралған? Атомдар - электрондардан, протондардан және нейтрондардан құралған. Бұны мына схемада көре аласыз:

Атомның құрылымы

Атомның ядросында протон мен нейтрон орналасады ал электрон ядроны айналады.

Протонның салмағы электронның салмағынан жуықтап алғанда 1850 рет көп. Нейтронның салмағы протонның салмағына тең.

Ең көп тараған атом

Табиғаттағы ең көп тараған химиялық элемент сутегі, ал одан кейінгі орында гелий. Сутегі атомдарының табиғаттағы саны гелий атомдарының санынан 20 есе көп, ал қалған 90 атом түрлерінен 20000 рет көп! Сутегі табиғатта ең көп тараған атом.

Атомдар мен молекулалар жайында алғашқы түсінік осындай, химия мен физиканың жоғарғы сыныптардағы сабақтарында бұл ілімдер толықтай зерттеледі.

Пән: Физика