×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

К. Тоқаев Қазақстанға АЭС керек емес! АЭС деген не?

Создание интернет магазина

ҚР президенті К. Тоқаев бауырым, мен сияқты үлкен адамның айтқанына құлақ сал - Қазақстанға АЭС керек емес!

АЭС деген не?

Себебі Атом Электр Станциясы 8-10 жылда салынады, ал тоқ тапшылығы қазір байқалып тұр. Өткен жолы Орталық Азияның электр желісіндегі апат қыста болған еді, себебі халық суық, ызғарлы күнде үйді тоқпен жылытады. Бұған майнерлерді қосыңыз. Нәтижесінде тоқ желілеріне салмақ күрт артады да апат болады. Бұны барлық энергетиктер біледі.

Қазір күн жылынды, соңдықтан тоққа деген сұраныс азайды. Бірақ келесі жылыту маусымында тоққа деген сұраныс тағы күрт артады. Тоқ желісіндегі апат қайталануы мүмкін. Демек бар жоғы жарты жылдай уақыт бар. Жарты жылда қандай электр станциясын салуға болады? Қай жерден тез, жаңа тоқ көздерін таба аламыз?

Күн мен жел энергетикасы

Қазақстан мұнай, газ, уранға бай ел. Бірақ сонымен қатар күн мен желге де еліміз бай. Еліміз нұрлы, бұлтты күндері аз жерде орналасқан:

Күн энергиясы

Күн аямай нұрын Қазақстанға шашады! Міне, Қазақстанның кейбір қалалары мен Батыс Еуропаның кейбір елдеріндегі бір жыл ішінде бұлттсыз күндер саның көрсететін кесте:

Англия 84 күн
Германия 136 күн
Ақтөбе 174 күн
Алматы 238 күн
Шымкент 300 күн

Көріп тұрғанымыздай басымдылық қазақта. Қазақстан Еуропадан екі, үш және төрт есе рет басым. Осыны пайдалана білейік! Еліміздің пайдалы қазбаларын ғана емес, сонымен кең-байтақ жерін де пайдалану керек.

Қазақстанның картасына көз салсақ, желі жоқ қаланы, облысты табу қиын. Алматы сияқты тау бөктерінде орналасқан, жан-жағынан таулармен қоршалған бірен-саран шаһарларды есептемесек, еліміздің басым бөлігінде жел күн сайын, сағат сайын, минут сайын, тіпті секунд сайын ұрып тұрады.

Батыс Еуропада күн мен жел энергетикасы қарыштап дамып жатыр. Біздегі ауа райы бұлардан да артық, соңдықтан олардан озайық. Демократиялық елдердің барлығы дерлік күн мен жел энергиясын пайдаланады. Себебі олар табиғатты аялайды. Тіпті табиғатты қорғауды басым бағыт еткен саяси партиялар да бар.

Күн мен жел арзан

Күн панелінен тоқты өндіру оңай. Панелді орнату керек қана. Бұны орнату оңай және тоқты өндіру арзан. Қуаты бірдей Күн Станциясы, АЭС пен ЖЭС-нан арзандау болады.

Себебі бәріне аян. АЭС-да тоқты өндіру үшін бағасы арзан емес уран мен плутоний сияқты радиоактивті шикізат керек. ЖЭС-да тоқты өндіру үшін көмір, газ не мазут керек, бұл да арзан емес дүние. Ал күн мен жел тегін! Соңдықтан ғой, ақшаны санай алатын Еуропа күн мен желге көше жатыр.

АЭС деген не?

АЭС деген не? АЭС сөзі бұл Атом Электр Станциясы дегенінің қысқартылуы. Тоқ пен жылу осындай станцияларда атом реакциялардың нәтижесінде пайда болады.

Германия мен Жапония АЭС-тен бас тартты

Қазіргі таңда көптеген елдер бұндай электр станциялардан бас тартып жатыр. Мысалы өткен жылы (2021 жылы) Германия үш бірдей АЭС-ны жапты, бұлар Брокдорф, Гронде және Гундремминген деген жерлерде орналасқандары.

Бұған дейін де біразін жапты, мысалы Мюлхайм-Керлих қаласындағы АЭС-ның көзін құртты:

АЭС жою

Бұл ретте айта кететін жайт. АЭС жұмысын тоқтағаннан кейін оны бейтараптандыру керек. Радиоактивті заттарды көму керек. Бұл көп қаржыны қажет ететін шара. Мысалы осы Мюлхайм-Керлих қаласындағы АЭС жапқаннан кейін оны бейтараптандыру жұмысы 25 жылға созылады. Қаншама ақша? Қаншама жұмысшы керек?

Пән: Физика