×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Изотоп деген не? Изотоптар. Оттек изотоптары. Тұрақты изотоп

Создание интернет магазина

Заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әртүрлі атомдар изотоптар деп аталады. Мысалы сутек элементі атомының массасы 1, 2 және 3-ке тең изотоптары бар:

Изотоп деген не?

Бұлар протий, дейтерий және тритий деп аталады. Изотоптарда электрондар мен протондар саны бірдей болады, себебі атом ядросының заряды бірдей ғой. Бір-бірінен тек атом ядросындағы нейтрондар санымен ғана ерекшеленеді.

Мысалы протий ядросы бір протоннан құралған. Дейтерий ядросында бір протон және бір нейтрон бар. Тритий ядросында бір протон және екі нейтрон бар. Оған қоса сыртта бір электрон бар.

Бір химиялық элементін изотоптарының зарядтары бірдей болғандықтан олардың химиялық қасиеттері де бірдей болады. Табиғатта химиялық элементтердің басым бөлігінде изотоптар бар.

Оттек изотоптары

Оттектің табиғатта үш изотопы бар. Бұлар оттек-16, оттек-17 және оттек-18. Оттек изотоптарының ішінде ең көп таралғаны оттек-16. Табиғатта оның үлесі 99,76%. Оттек-17 шамамен 0,04% және оттек-18 жуықтап алғанда 0,2% тең.

Оттектің изотоптары

Бұдан басқа жасанды жолмен жасалған тағы 13 изотоп бар.

Тұрақты изотоп деген не?

Изотоптардың барлығы тұрақты болмайды. Кейбірі радиоактивтілікке ұшырап ыдырайды. Мысалы оттектің 13 изотопы тұрақты емес. Бұлар ыдырап кетеді. Тұрақты изотоп дегеніміз ыдырамайтын атом. Мысалы оттектің жоғарыда аталған үш изотопы тұрақты боп табылады.

Себебі бұлар радиоактивтіліктің салдарынан ыдырамайды. Бұлар миллион не миллиард жыл бойы бәз қалпында сақталады. Аспаннан құлаған, жасы бәленбай миллиард жыл болатын метеоритттер осындай, тұрақты изотоптардан тұрады.

Радиоизотоп деген не?

Изотоптарды жасанды жолмен, ядролық синтездің көмегімен жасай аламыз. Бұларды радиоизотоп деп атайды. Оған қоса табиғатта бар радиактивті элементтің ыдырауы кезінде түзілетіндері де осылай аталады. Бұлар тез пайда болып ыдырап кетеді. Мысалы оттек-15 изотопының жартысы бар жоғы 122 секунд ішінде ыдырап кетеді.

Жасанды изотоп не радиоизотоп радиоактивті реакция нәтижесінде түзілетін химиялық элементтер.

Пән: Химия