×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Архимед күші, Архимед заңы

Создание интернет магазина

Не себептен ағаш суға батпайды? Ағашты су бетінде қандай күш ұстап тұрады? Кеме неге суға батпайды?

Мына ағаштан жасалған сал суда батпайды:

Сал

Ағашты, салды, кемені суда ұстап тұрған күш бар бұл архимед күші деп аталады. Архимед күшінің бағыты ауырлық күшінің бағытына қарама-карсы бағытталған:

Архимед күші

Архимед заңы

Архимед күші мына формула арқылы есептелінеді:

F = ρ g V,

мұндағы ρ сұйықтын тығыздығы, g еркін түсу үдеуі (жуықтап алғанда 9,8 м/c2 тең), V дененің сұйықтыққа батқан бөлігінің көлемі:

Архимед күші

Архимед күшінің мағынасын түсіну оп-оңай, сұйықтыққа салынған дене өз массасымен сұйықтыққа басады. Бұл күштің әсерінен дене сұйықтыққа аз болса да батады (V көлемге батады), ығысқан сұйықтықтың мөлшері жерге тартылады, және сұйықтықтағы денені өз салмағымен жоғары қарай көтеруге тырысады.

Ығысқан сұйықтықтың массасы m болса, онда ығысқан сұйықтық жерге mg күшімен тартылады, m дегеніміз ρ V, бұдан ρ g V.

Архимед күшіне есептер шығару

Балықшы отырған қайықтың төменгі бөлігі 120 литрге суға батса, осы қайық пен адамның салмағы неге тең?

Архимед заңы бойынша:

F = ρ g V

Бұндай күшпен қайықты көлдің суы жоғары қарай итермелейді. Осы күш ауырлық күшпен теңеседі, себебі қайық батқан жоқ.

F = mg

mg = ρ g V

m = ρV

Судың тығыздығы 1000 кг/м3 ал 120 литр бұл 0,12 м3.

m = 1000*0,12

m = 120 кг.

Кеменің 200 м3 көлемі теңіз суына батса, осы кеменің салмағы қандай?

Пән: Физика

Комменттер

Есептер жауабы барма

 

Фариза Сауранбаева

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жоқ. Бұнда есептердің жауаптары, тесттер және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар жоқ. Бұл онлайн оқулық, оқушы бұны оқып өз бетімен есептерді шығаруға тырысады. Шеше алмаған есебініз бар болса форумға қосыныз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

А неге шиге батады? Суға

Zhibek_ _Vika

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Себебі суға салынған шегенің ауырлық күші архимед күшінен артық.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

V ның формуласыыы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

V - көлем. Оны табудың бірнеше формуласы бар:

m = ρV,

V = m/ρ

m масса, ал ρ тығыздық.

Сонымен қатар көлемді табатын геометриялық формулалар да бар. Шардың көлемі, кубтың көлемі дегендей.

Архимед заңын пайдаланып та көлемді таба аламыз:

F = ρ g V,

V = F/ρ g

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою