×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Пайдалы әсер коэффициенті деген не?

Создание интернет магазина

Жүкті жоғары көтеру үшін A жұмыс атқарылады бұл мына формула арқылы табылады:

A = mgh,

мұндағы m - жүктің салмағы, h - биіктік.

Мысалы салмағы 10 клиограмм жүкті 5 метр биіктікке көтеру үшін істелінетің жұмыс:

A = 10*9,8*5 = 490 Джоуль.

Бұл кедергіні есептемегенде. Осы жүкті жоғары қарай көтергенде ауаның кедергісі, жүкті сүйрегенде жермен үйкелісі дегендей өзге жұмыстарға қосымша энергия жұмсалады.

Пайдалы әсер

Пайдалы әсер не пайдалы жұмыс - қажетті жұмыс. Мысалы автомобильдің қозғалтқышы жанармайды жағып көлікті қозғалтуы бұл пайдалы жұмыс, жүктің қозғалуы пайдалы жұмыс. Автомобильдің көлікті қозғалтуынан басқа жұмыс та істелінеді, дөңгелектің асфальтпен үйкеліс күшін, ауаның кедергісін жену дегендей, бұлар бізге пайдасыз, қажетсіз. Себебі бұл жұмыстарды атқару үшін қосымша энергия жұмсалады.

Пайдалы әсер коэффициенті формуласы

Пайдалы әсер коэффициенті η бұл Aп пайдалы жұмыстың Aб барлық істелінген жұмыстың қатынасына тең сан:

η = Aп/Aб * 100%

Мысалы қозғалтқыш 1000 Джоуль энергия пайдалынып, пайдалы 600 Джоуль жұмыс атқарса, бұның пайдалы әсер коэффициенті мынаған тең:

η = 600/1000 *100% = 60%

Пайдалы әсер коэффициенті әрқашан жүзден аз болады, ауаның кедергісі, жылуға кеткен энергия және басқа қажет емес жұмыстар энергияны қажет етеді.

Пән: Физика