×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Саяси партия деген не? Саяси партиялар. Партиялар тізімі

Создание интернет магазина

Партия деген не? Партия сөзі бірнеше мағынада қолданылады, бір мағынасы бұл ортақ мүдделері, ойлары бар адамдар, екінші мағынасы бұл музыкалық шығарманың бір адам не бір аспап орындайтын бөлімі, үшінші мағынасы бұл ойынған ойын, мысалы шахмат партиясы.

Саяси партиялар

Осыдан бір ғасыр бұрын, дәлірек айтсақ 1917 жылы, ел қорғаны болған Әлихан Бөкейхан-ұлы, Ахмет Байтұрсын-ұлы сияқты көсемдер жиналып билікті өз қолына алу үшін жиылып партия құрды. Бұл қазақтың тұнғыш партиясы Алаш Орда болды.

Міне Алаш Орда партиясының көсемдері, солдан оңға қарай Ахмет Байтұрсын-ұлы, Әлихан Бөкейхан-ұлы және Міржақып Дұлат-ұлы:

Алаш Орда партиясы

Саяси партиялар мемлекеттегі билікті өз қолына алу үшін құрылатын топ. Партия мүшелерінің ортақ саяси қозқарастары, мүдделері бар. Мысалы Еуропада көптеген либералдық партиялар бар. Бұған жаңашырлыққа бейім, жаңаруды қалайтын адамдар жиналады.

Елде көп саяси партиялардың бар болуы демократияның бір белгісі. Дамыған әрі демократиялық елдердің барлығында ондаған, кейбірінде жүздеген, тағы басқаларында тіпті мыңдаған партиялар бар.

Алашордалықтардың басты мүддесі, қазақ елін - дамыған, оқыған, бай, бақытты елдердің қатарына қосу. Бұл үшін елде ағарту шараларын, қазақ өкіметің құру, елде демократиялық бағыттағы институттарды дамыту сияқты ойлар бар алашордалықтарда бар еді. Бұның бәрі Алаш Орда партиясының бағдарламасында белгіленген.

Алашордалықтардан кейін Қазақстан жерінде Коммунистік партия орнады. Бұл партия құрамына кешегі алашордалықтардың біразі еніп мемлекетті дамытты. Кірмегендері де құр қалмай қазіргі Қазақстанның негізін қалады. Университеттер, мектептер, зауыттарды салып. Коммунистік партияның арасында да көп патриоттар бар еді. Мысалы кешегі Дінмұхамед Қонаев.

Саяси партиялардың бағдарламалары

Саяси партияның күші, байлығы, бұл партия мүшелерінің санымен анықталады. Мемлекетте көп адам партияға қосылса, бұндай партия елдегі саясатқа, экономикаға әсер ете алады. Партияға кіретін адамдардың саны аз болса, бұндай партияны ешкім елемейді.

Сондықтан барлық саяси партиялардың бағдарламалары қалын бұқараның мұн-мұқтажын ескереді. Елдің хал-ахуалің жақсарту, жұмыссыздықпен күресу, экономиканы дамыту, салықтарды азайту сияқты уәделер әлемдегі барлық саяси партияларға ортақ қасиет.

Қазақстандағы саяси патриялар тізімі

Қазақстандағы саяси партиялар тізімі бәлендей үлкен емес. Себебі қазіргі заңға сәйкес партия болу үшін жиырма мың адам қол қою керек, әрі әділет министрлігі бұған рұқсат беру керек дегендей кедергілер көп. Өзге елдерде бұндай кедергілер жоқ.

Мысалы Ресей мен Қырғызстанда партия құру үшін аз адам керек. Ресейде бар жоғы 1000 адамның қолы керек, ал Қырғызстанда бар жоғы 10 ақ адам жиналып партия құра алады.

Сонымен осы уақытта мынандай саяси партиялар Қазақстанда бар - Нұр Отан, Ақ Жол, Қазақстанның халықтық партиясы, Жалпы ұлттық социал-демократиялық, Ауыл және Адал.

Партия не үшін керек?

Мемлекет басшылары, елді көркейткісі келсе көп партияларды құруға ниетті болуы керек. Себебі неше түрлі партиялар бір-бірімен күресіп парақорлыққа, заң бұзушылыққа жол бермейді. Бірінің кемшілігін екіншісі бетке айтып.

Пән: Саясат