Тік призма, дұрыс призма, дұрыс үшбұрышты призма
Призма жайында бұған дейін жазған едік - призма деген не және призманың көлемі. Бұл жерде тік призма және дұрыс призма деген ұғымдармен танысамыз.
Тік призма бұл сүйір қырлары призманың табанына перпендикуляр болатын пішін:
Дұрыс призма
Дұрыс призма бұл:
1) Тік болатын призма;
2) Призманың табанында жатқан көпбұрыш дұрыс болса.
Мысалы мынау дұрыс призма:
Бұл паралелепипед емес пе!
Дұрыс призманың атауы оның табанында жатқан көпбұрыштарға байланысты, мысалы жоғарыдағы призма дұрыс төртбұрышты деп аталады, себебі оның табанында дұрыс төрт бұрыш жатыр.
Сонымен дұрыс төртбұрышты призма паралелепипед те болады. Оның сүйір жақтары тік төртбұрыштар болады.
Ал жоғарыдағы призма дұрыс үшбұрышты призма болады. Жаттығу ретінде дұрыс бесбұрышты призманы және дұрыс алтыбұрышты призманы салыңыз.
Пән: Геометрия