×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Призма дегеніміз не? Призманың табаны, призманың биіктігі

Создание интернет магазина

Призма дегеніміз не? Бұл мынандай фигура, пішін:

Призма деген не?

Бұның табанында алтыбұрыш және оған параллель оналасқан екінші алтыбұрыш бар. Ал призманың басқа жақтары паралеллеограмдардан құралған. Бұл алтыбұрышты призма, себебі оның табанында алтыбұрыш жатыр. Ал мынау үшбұрышты призма:

Үшбұрышты призма

Мынау да призма болады:

Призма деген не?

Призма бұл екі жағы тең және өзара параллель көпбұрыштан ал қалған жақтары параллелеограмдар болатын пішін. Бұл екі көпбұрыштарды призманың табандары деп атайды.

Призманың табаны

Призманың табаны қандай көпбұрыштан құралса, призманың атауы сондай болады. Мысалы призманың табанында үшбұрыш жатса онда ол үшбұрышты призма деп аталады. Жоғарыдағы шыны бұл үшбұрышты призма болады.

Жаттығу ретінде бесбұрышты және төртбұрышты призмаларды салып көріңдер.

Призманың биіктігі

Призманың бір табанынан екінші табаны жатқан жазықтыққа түсірілген перпендикуляр призманың биіктігі деп аталады:

Призманың биіктігі

Пән: Геометрия