×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кулон заңы мен формуласы

Создание интернет магазина

Екі зарядтың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен есептелінеді. Бір-бірінен r арақашықтықта орналасқан заряды q1 және q2 тең екі нүктелік зарядтардың арасында мына формуламен есептелінетін F күші пайда болады:

Кулон заңы

мұндағы k = 8,9875517873681764·109 Н·м2/Кл2 тең тұрақты коэффициент. Кулон заңы формуласы осы. Бұның формуласы Бүкіл әлемдік тартылыс заңдыкіне ұқсас.

Электр зарядтардың арасында пайда болатын күшті Кулон күші деп те атайды.

Кулон күшінің бағыты

Екі зарядтың таңбалары әртүрлі болса, зарядтар бір-біріне тартылады. Зарядтардың таңбалары бірдей болса, зарядтар бір-бірінен итеріледі:

Кулон күші

Бұны жоғарыдағы формуланың көмегімен қорытуға болады.

Заңның ашылу тарихы

Кулон заңын 1785 жылы көрнекті француз физигі Шарль Кулон ашты. Бұған көптеген тәжірибелер нәтижесінде қол жетті.

Сол заманнан бастап бұл заң физикадағы негізгі заңдардың бірі болып қалды.

Электронның заряды жуықтап алғанда −1,6·10-19 Кл тең, бір-бірінен он метр арақашықтықта орналасқан екі электрон қандай күшпен әсерлеседі? Екі электрон бір-біріне тартылады ма?

Пән: Физика

Комменттер

10-7 Кл заряд тұрған нүктедегі электр өрісінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер ететін күш неге тең?

Game Mode

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Мынандай формула бар:

E = F/q, мұндағы E - электр өрісінің кернеулігі, F - әсер ететің күш, q - заряд.

E = F/q

F = Eq

Бізде q = 10-7 Кл, E = 5 В/м

Сөйтіп:

F = 10-7*5

F = 5*10-7 Ньютон

Жауабы: зарядқа әсер ететің күш F = 5*10-7 Ньютон

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Жіпке массасы 0,3г шарик ілінген, оған 4×10^-9 Кл заряд берілді. Жіптің керілу күшін 4 есе азайту үшін, оған тең екінші бір зарядты қандай қашықтыққа дейін әкелу керек?

Аида Токтабай

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Есептің шартына сай:

mg - FКл = mg/4

mg - mg/4 = FКл

3mg/4 = FКл

FКл = 3mg/4

FКл = k*q1q2/r2

k*q1q2/r2 = 3mg/4

r2 = 3mg/(4kq1q2)

q1 = q2

r2 = 3mg/(4kq2)

Бұдан түбір аламыз:

r = 1/2q * (3mg/k)1/2

r = 1/(2*4*10-9)*(3*0,3/8,9*109)1/2

r = 1,25*10-15 м

Жауабы: r = 1,25*10-15 м қашықтықта екінші зарядты орналастыру керек.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сутегі атомындағы электрон мен ядроның арақашықтығы 0,5*10-8 см.   Электрон мен ядроның өзара әсерлесу күші?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Салматсызба!

Сантиметрді метрге айналдырамыз:

0,5*10-8 см = 0,5*10-8 /100 = 0,5*10-10 м = 5*10-11 м.

Сутегі атомының ядросы бір нейтроннан және бір оң зарядты протоннан тұрады. Протонның заряды 1,6·10-19 Кл, ал электронның заряды -1,6·10-19 Кл, екеуі бір-біріне тең, тек таңбасы әрқилы.

F = k*q1*q2/r2

F = 8,98*109 * (−1,6·10-19)*1,6·10-19/(5*10-11)2

F = -8,98*109 * 1,6·10-19*1,6·10-19/25*10-22

F = -9,1*10-9 Н

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою