×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Конус дегеніміз не? Конустың бүйір бетінің ауданы формула

Создание интернет магазина

Конус дегеніміз мысалы ракетаның өткір ұшы:

Конус деген не?

Бұндай фигураның суреті міне:

Конустың суреті

Бүйір бетінің ұзындығы l, табанында жатқан дөңгелектің радиусы R ал конустың биіктігі h тең. Бұл фигураны жай конус немесе тік дөңгелек конус деп атайды.

Конустың табаны, конустың табанының ауданы

Конустың табаны дөңгелек болғандықтан оның ауданың табу қиын емес. Дөңгелектің ауданы сабағындағы формуланы қараңыз. Конустың табанының ауданы формуласы:

Sтабаны = πR2, π жуықтап алғанда 3,14 тең

Мысалы конустың табаны 7 см болса оның табанының ауданың есептейік:

Sтабаны = πR2 = 3,14*72 = 153,86 см2

Конустың бүйір бетінің ауданы

Конустың бүйір бетінің ауданы формуласы:

Sбүйір = πRl

Мысалы конустың бүйір бетінің ұзындығы 10 см ал табаны 5 см болса оның бүйір бетінің ауданы қандай?

Sбүйір = πRl = 3,14*5*10 = 157 см2

Конустың бүйір бетінің ұзындығы 8 см ал табанының радиусы 12 см, оның бүйір бетінің ауданың табындар.

Конустың толық бетінің ауданы

Конустың толық бетінің ауданы бұл бүйір бетінің және табанының аудандарының қосындысына тең:

Sтолық = Sтабаны + Sбүйір = πR2 + πRl = πR(R+l)

Осы формуланы пайдаланып соңғы екі есептегі конустардың толық бетінің ауданың табындар.

Пән: Геометрия