Химия пәні, заттар. Химия ғылымы нені зерттейді?
Химия ғылымы заттардың құрылысын және заттардың өзара реакцияға түсуін зерттейді. Химия термині араб тілінің қара, қаралау деген сөздерінен шыққан.
Заттар
Табиғатта сан алуан заттар бар. Заттар бұл денелерді құраушылар. Мысалы қасық темірден не пластмассадан жасалуы мүмкін. Темір де, пластмасса да зат.
Әрбір заттың өзіне тән белгілері бар болады. Мысалы су түссіз әрі иіссіз, ал сүттің иісі де дәмі де бар. Заттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар болады, бұны заттардың қасиеттері деп атайды. Кейбір заттардың бірдей не ұқсас қасиеттері бар болады.
Химия ғылымының мақсаты
Химия ғылымының мақсаты - заттарды, оларың қасиеттерін, бір заттың басқа затқа алмасуын зерттеу.
Химияның тағы бір мақсаты бұл жаңа заттарды алу. Қазіргі қолданыстағы сан-алуан пластмасса түрлері осы химия ғылымының жетістігі.
Химия ғылымының қолданылуы
Химия ғылымының өнеркәсіпте қолданысы сан-алуан, химия әдістерінің көмегімен - металдарды кеннен өндіреді, азық-түлікті сақтау мерзімін арттырады, киім тігетін синтетикалық маталарды өндіреді, бояғыш заттарды өндіреді, бензинді мұнайдан бөліп алады, резинаны мұнайдан синтездейді, пластмассаларды өндіреді, тағы сол сияқты.
Бұл заттарды алуда химия ғылымының рөлі зор.
Химия пәні
Химия пәні химия ғылымын оқытудың, білудің басы. Мектепте оқылатын осы пәннің көмегімен сіз химияның негізгі ұғымдарымен танысасыз. Кейін білімдеріңді университеттер мен колледждерде жалғастыра аласыз.
Қазіргі заманда 15-20 миллиондай зат ғылымға белгілі. Осы заттарды зерттеу химияның негізгі мақсаты.
Пән: Химия
Сәлеметсіз бе?Көмектесе аласыз ба? Алдын ала рахмет
Жауап беру | Өзгерту | Жою