Қарақытай мемлекеті, қидандар, Елюй Даши гурхан
840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігін қидандар иемденді. Бұл жерде монғолдық Қидан мемлекетін қалады. Сонау көне заманда әуелі бір қағанат одан кейін оның ішінен Шығыс Түрік қағанаты бөлінгеннен кейін елде алауыздық туындады.
Түріктер арасында өзара алауыздық туындады. Бір әулет өзге әулетке қол көтеріп бірімен-бірі соғысты. Бұдан басқа Қытайдын соғыстарын есепке алсақ көне түрік қағанаттарының ыдырауының себебін түсіне аламыз.
Қидан елі
Қидан елі монғол тектес халық. Олар Қытайдың солтүстік шекарасына жақын жерлерде мекен еткен. Қытайды да жаулап алған.
Елюй Даши
1125 жылы қидандарды қытайлар мен оның одақтастары талқандайды. Қидан елінің біраз бөлігі жаулап алушыларға бағынады, бірақ қидандықтардың батыс бөлігінің билеушісі Елюй Даши қалған халықты басқарып Жетісуға қашады. Қарахан мемлекетіне.
Қарақытайлар
Жергілікті халық қытайдан қашқандарды қарақытайлар деп атай бастайды. Алғашында күші аз ел жергілікті қарахан билеушілеріне бағынады. Сол заманда қарахан елі феодалдық бытыранқылықты басынан кешіп отырған, орталық күшті билік болған жоқ.
Қарақытайлар Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігінде орнықты.
Қарақытай мемлекеті
1128 жылы Баласағұн қаласының билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаның көтерілісін басуға көмекке келуін сұрайды, себебі қидандар қарахандықтардың елінің басшыларына бағынған. Бірақ қидандар бұл тайпаны талқандамады, керісінше Баласағұн қаласын тартып алады.
Дәл осы 1128 жылы қидандар Қарақытай мемлекетің құрды, бұның астанасы Ғұзор қаласы еді.
Гурхан
Қарақытай мемлекетінің басшысы гурхан болды. Бұл сөз хандардың ханы дегенді білдіреді. Елюй Даши 1141 салжұқ-қарахан әскерін талқандайды. Мауараннахрға дейін жетеді. Бұхараны бағындырады, хорезмшахты жеңеді. Бұл елдерден алым-салық алып отырады.
Қидандар жеңілген елдердің ішкі өміріне араласпаған, мемлекеттер баяғыдай өмір сүрген. Тек алым-салықты төлеп тұрған. 1143 жылы Елюй Даши қайтыс болады да билік оның жесірінің қолына өтеді.
Қарақытай мемлекетінің жойылуы
Қарақытайлар Хорезм шахы Мұхаммедпен 1210 жылы соғысады да қидандардың тас талқаны шығады. Бұған қоса бейбіт халықты тонау, алым-салықты көбейту елдің берекесін кетіреді.
1208 жылы Жетісуға наймандар келеді. Наймандардың көсемі Күшлік хан қарақытайларды жеңеді де оның жерін басып алады. Сөйтіп Қарақытай мемлекеті 1212 жылы толығымен жойылады.
Жетісуда осы жылдары тәртіпсіздік орнайды. 1218 жылы Жетісуды Шыңғыс хан жаулап алады.
Пән: Тарих