Найман мемлекеті, наймандар, Күшлік хан
Бұрынғы Түрік қағанаты заманында Монғолия жерінде көп түркі тектес рулар мен тайпалар мекендеген. 8 ғасырдар Ертіс пен Орхон өзендері аралығында көшіп жүрген найман руы қалыптасты. 840 жылы Ұйғыр қағанаты жойылғаннан кейін бүткіл далада жаңа тайпалар одақтары қалыптаса басталды.
Солардың ішінде түркі тілдес наймандар мен керейіттер бар еді.
Найман мемлекеті
Найман мемлекеті Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан аумағында пайда болды. Бұлар 11 ғасырдың басында несториандық (христиан дінінің бір тармағы) дінді қабылдады, елдегі орталық билікті күшейту үшін.
Наймандар керейіттермен одақтасып Ляо мемлекетімен күресті. Ляо бұл монғол тілді қидандардың Қытайды жаулап алып сол жерде құрған мемлекеті. Көп жыл бойы күресіп, ақыры осы мемлекетке тәуелді боп қалды.
1125 жылы Ляо империясы құлады да, наймандар мен керейіттер тәуелсіздікке қол жетті.
Найман мемлекетінің гүлденуі
Наймандар сыртқы жаудан құтылғаннан кейін ел гүлдене бастады. Елде қалалар салына бастады, көрші елдермен сауда саттық дами бастады, егіншілік дами бастады.
Найман мемлекетінің астанасы
Найман мемлекетінің астанасы Балықты қаласы еді. Бұл Орхон бойында болған көне қала. Наймандар солтүстікте енисей қырғыздарымен, батыста қимақ пен қыпшақтармен ал шығыста қидандармен шекаралас еді.
Мемлекеттің ыдырауы
Найман мемлекеті 12-13 ғасыр аралығында екіге бөлінді. Бұл кезінде құдыретті мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты. 1201 жылы наймандар мен өзге түркі тектес халықтар Шыңғысханнан жеңілді.
Кейін 1204 жылы наймандар осы Шыңғысханнан толықтай жеңілді де Шыңғысхан империясына көпшілігі қосылды. Қосылмағандар Найман хандығының ханы етіп Күшлік ханды тағайындайды да, онымен бірге Жетісуға шегінді. Сол жерде Қарақытайларды талқандап өз мемлекетің құрды.
Пән: Тарих