×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Түргеш қағанаты, Үшлік қаған, Сұлу қаған, Атлах шайқасы

Создание интернет магазина

Түргештер 6 ғасырда Іле мен Шу өзендерінің аралығында көшіп жүрген көшпелі халық еді. Бұлар Батыс Түрік қағанатына еңген батыр болған.

704 жылы түргештердің билеушісі Үшлік Жетісудан қытай әскерін қуып шығады да қуатты Түргеш қағанатының негізін қалайды, өзі қаған атанады. Бұған дейін ұлан-ғайып Батыс Түрік қағанаты ыдырап, Жетісу жерін ғана қамтып, кішкентай мемлекетке айналған, бұны қытай әскер басшылары пайдаланып Жетісудың біраз жерін өздеріне қаратып алған.

Сөйтіп түргештер Жетісуды азат етті!

Арабтармен соғыс

Араб халифатының әскері 7 ғасырдың екінші жартысында Орта Азияға басып кірді. Арабтардың соғды еліне шапқыншылығы басталды. Ал 8 ғасырдың бас кезінде, Түргеш қағанатының негізін қалаған Үшлік қаған түсында араб әскері Сыр мен Жетісуға таяп қалды.

Үшлік қаған 706 жылы соғдыларға әскермен көмекке келіп Бұқар маңында араб әскеріне соққы береді. Арабтардың қолбасшысы Құтайба ибн Мүсілім соғды мен түргештердің арасындағы ауыз бірлігінің жоқтығын пайдаланып Орта Азияны жаулап алады.

Үшлік қаған кезіндегі түргештер

Үшлік қаған мемлекет астанасы етіп Шу өзенінің бойындағы ежелгі Суяб қаласын белгіледі. Елді 20 әкімшілік аймаққа бөлді.

Қаған жер мен елді сыртқы және ішкі жаулардан қорғады. Мемлекетті нығайтты, оның ісін Сұлу қаған жалғастырды. Сұлу қаған тұсында мемлекет гүлдене бастады!

Сұлу қаған

Сұлу қаған 715-738 жылдар аралығында Түргеш қағанатының билеушісі болды. Сұлу сыртқы жаулармен жеңісті соғыстар жүргізген. Қытай әскері Түргеш қағанатының күшінен сескеніп Жетісуға жоламады, ал арабтармен соғыстары жеңісті болды.

Шығыс түрік қағанаты түргештерге қауіпті болғанмен, Сұлу қағанның тұсында одақтас еді. Сөйтіп негізгі күштерің онтүстік батыстан келе жатқан арабтарға қарсы жұмсады. Арабтар бұған Музахим, қазақша бұл Сүзеген деген лақап ат қойған.

Сұлу қаған арабтарды сонау ауған жеріне дейін қуған. Талай рет жеңген. Ордасын Тараз қаласына тіккен.

Атлах шайқасы және оның маңызы

Сұлу қаған 738 жылы қайтыс болады. Елде алауыздық туындайды, тақ үшін күрес басталады. Бұны қытайлар пайдалынады да Түргеш қағанатының жеріне шығыстан басып кіреді. Қытайлар Тараз қаласын 740 басып алады да тоңайды. Суяб қаласы қиратылады.

Ал батыстан араб әскері Сыр жеріне келеді. Бұл екі әскер көп ұзамай, 751 жылы, Таразға жақын орналасқан Атлах деген қаланың маңында шайқасады. Атлах шайқасы осылай басталады.

Алғашында қарлұқтар (сол уақытта Тарбағатай мен Алтайда мекендеген ру) қытайлар жағында еді, түргештер араб жағында еді. Араб пен қытай бір бірін жеңе алмай бірнеше күн соғысады.

Шайқастың бесінші күні қарлұқ әскері араб жағына шығады да, қытайлықтар толықтай талқанданады. Арабтар бұларды қуады. Қарлұқтардың араб жағына шығуына байланысты шайқастың тез аяқталуы түрік әскерлерінің күші басым болғаның айғақтайды.

Арабтар қытайлықтарды Қашғарға дейін қуады, бірақ өздері де Сыр мен Жетісуда тұрақтала алмайды, себебі бұларды түркілер ығыстырып тастаған. Сөйтіп Сыр мен Жетісу жаудан аман қалады.

Түргеш қағанатының ыдырауы

Тақ үшін бақталастық, қағанатты әлсіретеді. Шу бойындағы түргештер сары түргештер, ал Іле бойындағы түргештер қара түргештер деп сонау заманда аталған.

Сары түргештер мен қара түргештер арасында бәсекелестік, ішкі қақтығыстар болған еді. Осы азаматтық соғыстын салдарынан мемлекет әлсіреген.

Сонымен қатар қытай мен араб шапқыншыларының салдарынан ел экономикасы әлсіреген. Талай қалалар жойылған. Халық та көп қырылған.

Осыны Тарбағатай мен Алтайда мекендеген түркі қарлұқ тайпасы пайдалынып, Жетісу мен Сыр бойында өз мемлекетің құрған. Осылай 756 жылы Түргеш қағанаты құлайды да оның орнына Қарлұқ қағанаты бой көтереді.

Бұл ретте түргештерді қарлұқтар жаулап алды деп түсінбеу керек, себебі бұлардың бәрі баяғы Түрік қағанатының жеріне еңген бір-біріне бауырлас, туыс, тілі бір, салты бір рулар еді.

Жетісудағы соғдылар

Соғдылар 6-8 ғасырларда Жетісуға көп қоныстана бастаған. Себебі бұндағы сауда мен қолөнердің дамуына жақсы жағдай жасалған. В. В. Бартольдтің айтуынша жетісудағы соғдылардың пайда болуына мына үш себеп бар - сауда, соғды жеріндегі қиын жағдай және араб шапқыншылығы.

Бұл ғалым соғды елінде басшылардың қатаң тәртіп орнатқаның айтады. Жетісудағы соғдылар жергілікті халықпен бірге қалалар тұрғызған, егін еккен, қолөнер бұйымдарын жасаған. Қалалар жақсы дамыды. Және соғдылар арасында түркі тілі тарала басталды.

Пән: Тарих