Түрік қағанаты, Бұмын қаған, Істеми қаған
6 ғасырдың ортасында Алтай тауларында түркі тайпалары қоныстанған. Алтай мен Тарбағатай тауларының батысында, яғни қазіргі Қазақстанда қуатты Гаоцюй түркі текті мемлекет, ал шығысында моңғол тілді Жужан қағанаты болған. Бұлар бір-бірімен көп соғысқан, екі мемлекеттің көп басшылары осы соғыстарда қайтыс болған.
Түрік қағанаты осы екі мемлекеттің бір-бірімен соғысып, әлсіреген кезінде пайда болды.
Бумын қаған
Алтайды мекендеген түркі тайпаларының басшысы Бумын еді. Осы Бумын жужандарға тәуелді, бодан еді. Жужандарға салықты темірмен төлеген еді. Көршілес руларды жужандарға қарсы соғысқа бастаған еді.
Түркі тілді тайпалар жужандарға қарсы соғысқа әзір еді, себебі жужандар талай елмен соғысып, талай халықты жылатқан еді.
Жужандармен соғыс
Бумын көршілес тайпаларды біріктіріп мейлінше күшейгеннен кейін жужан қағанына өз қызын маған бер деп елші жіберген. Бұған жужан басшысы намыстанады, Бумынға қызын бермейді. Және түріктерге қарсы көп күшпен шабуылдайды. Бірақ жужан билеушісі Анагөй қаған әскері жеңіліс табады да, Анагөй өзіне қол салады.
Бумын қаған жужандарды 552 жылы талқандайды. Және сол жылы қайтыс болады.
Түрік кағанатының құрылу жылы
Дәл осы 552 жыл Түрік қағанатының құрылу жылы деп саналады. Себебі бұл жылы түркілер жужандарды жеңіп, көп жерге, көп олжаға ие болады да мемлекет едәуір күшейеді.
Мұқан қаған
Мұқан қаған 553 мен 572 жылдар аралығында билік құрған. Осы қаған жужандарды толықтай талқандайды. Онтүстік Сібірдегі тайпаларды қағанат құрамына енгізеді. Қытай түркілерге бодан боп алым-салық төлейді.
Және Естеми қағанға батыс елдерін бағындыруға әскер береді (Мұқан мен Естеми, Бумынның бауырлары еді).
Естеми қаған
Естеми қаған Қазақстанды, Орталық Азияны, Еділ өзені мен Кавказдың бір бөлігін бағындырады. Бұл жердегі тайпалар түрік әскеріне қарсыласпай қосылды. Себебі Естеми қағанның әскері бөтен елден келген жауынгерлер емес еді. Бұлардың барлығы туыстас, ағайынды еді.
Алтай мен Тарбағатай тауларының батыс бөлігінде Естеми қаған, ал шығыс бөлігінде Мұқан қаған басшылық етті. Осы екі қаған тұсында Түрік қағанаты мейлінше күшейді.
Түрік қағанаты осы жылдары Ұлы Жібек Жолының көп бөлігін қармағына алады. Халықаралық саудадан көп пайда табады.
Эфталиттермен соғыс
Эфталиттер осы Түрік қағанаты құрылған жылдарда Орта Азия мен Онтүстік Қазақстанда үлкен күшке ие болған ұлы мемлекет еді. Түріктер Иранмен одақтасып, эфталиттерге қарсы соғысты.
Естеми қаған эфталиттердің әскерлерің Самарқанда және Бұқар түбінде талқандады. Эфталиттермен соғыс ұзаққа созылған.
Бұл соғыстан кейін Эфталиттер мемлекеті Түрік қағанаты мен Иран арасында бөлінді, Әмудария өзені бойымен (бұл өзеннің солтүстігіндегі жерлер түркілерге, ал онтүстігіндегі жерлер парсыларға тиесілі еді).
Византия мен Түрік қағанаты
Түркілер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауына жетіп, бұл жерлерде билік құрған Византия деген елмен шекаралас болады. 568 жылы түрік елшісі Маниах Византияға келеді. Византиялықтармен Иранға қарсы одақ құрады. Себебі Иран мен Түрік қағанаты арасында, Эфталит мемлекетің бөлу кезінде алауыздық туындайды.
Византия Түрік қағанатына өз елшісін Земархты жібереді. Византия мен Түрік қағанаты арасында осылай дипломатиялық байланыс пайда болады.
Ашина руы
Ашина руы не әулеті Түрік қағанатында билеуші болған. Бұл рудын шығу тегі жайында көп аңыз бар, бір аңыз бойынша ғұн ханзадасы жараланады, ханзаданың қол аяғын жаулар тіліп кеседі, ақыры қасқыр үңгіріне қашып басын аман сақтайды. Бұл үңгірде қасқыр қаншығымен қосылады да, ашина руының перзенттері пайда болады.
Бумын, Мұқан, Естеми осы рудан шыққан атақты батырлар, қолбасшылар, саясаткерлер және бүткіл елді басқарған данагөй қағандар еді!
Бұдун мен бек
Қағанаттар халық екіге бөлінген еді - бұдун мен бектер. Бұдун бұл қара сүйек, немесе бүткіл қарапайым халық. Ал бектер бұл ақсүйек, немесе басшы топтан шыққан адамдар.
Бұдун сөзінің мағынасы осындай.
Ер
Түркілерде жауға қарсы шығып ерлік көрсеткен жауынгерлерді ер деп атаған. Соңдықтан көне ертегілерде Ер Тарғын, Ер Қосай және тағы сол сияқты атаулар көп.
Түрік қағанатының ыдырауы
603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлінді - Батыс және Шығыс деп. Батыс түрік қағанаты бұл Алтай мен Тарбағатай тауларының батыс бөлігінде, ал Шығыс түрік қағанаты шығысында пайда болды.
Түрік қағанатының ыдырауы не себепті болды? Бұның басты себебі бұл ханзадалардың тақ үшін соғысы. Сонымен қатар неше мың шақырым территорияны қамтыған мемлекетті басқару интернет пен телефон сияқты шұғыл байланыс құралдары болмаған заманда қиынға түскен. Сондықтан жекелеген аймақтарда, жекелеген басшылар пайда болған.
Пән: Тарих