Батыс Түрік қағанаты
Тынық мұхитынан Қара теңізге дейін созылған алып Түрік қағанатының батыс бөлігінде Естеми қаған билік құрған еді. Осы қағанға - Қазақстан, Орталық Азия және Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы жерлер бағынған еді.
Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
Естеми (басқаша атауы Иштеми) қаған дарынды қолбасшы, дипломат, саясаткер еді. Оның мұрагері боп ұлы Тардуш болды (Л. Н. Гумилевтің зерттеулері бойынша). Осы Тардуш қағанның тұсында Батыс Түрік қағанаты жеке мемлекет боп толықтай қалыптасады.
Он оқ бұдун елі
Батыс түрік қағанаты он тайпаға бөлінген. Әрбір тайпа он мың әскерді соғыс кезінде шығарған. Соңдықтан осы мемлекетті көршілері Он оқ бұдун (ел) деп атаған. Бұның мағынасы он тайпа елі дегенді білдіреді.
Естеми қағанда 100 мың әскер болған. Бұл сол заман үшін үлкен әскер еді.
Қағанаттың саяси жүйесі
Қағанатты ашина әулетінен шыққан ханзадалар басқарған. Сонымен қатар ябғу, шад және елтебер сияқты лауазымдарды да ашина әулетінен шыққан ханзадалар иемденген.
Қағанатқа кірген көшпелі малшыларды қара бұдун деп, ал отырықшы жерлерде мекендеген халықты тат деп атаған.
Батыс Түрік қағанатының сыртқы саясаты
Батыс Түрік қағанатының сыртқы саясаты Орталық Азия мен Қазақстанның жерлерің иемдену. Және сыртық жауларға қарсы күресу. Мысалы қытай шапқыншылығынан қорғану.
7 ғасырдың басында қағанатты Шегу қағаны, одан кейін Тон-ябғу қағаны басқарған еді. Осы екі қаған тұсында мемлекет дамыды, сыртқы жаулар жеңілді.
Ешбар Елтеріс қағанның тұсында мемлекетте он оқ бұдун жүйесі енгізілді.
Батыс Түрік қағанаты астанасы
Батыс Түрік қағанаты астанасы Сұяб қаласы еді. Бұл Шу өзенінің алқабындағы ірі сауда және қолөнер орталығы еді. Қағанның қысқы ордасы осы, ал жазғы ордасы Түркістан қаласының маңайында орналасқан Мыңбұлақта еді.
Батыс түрік қағанатының негізгі жері бұл Жетісу еді. Себебі бұл өңірде көп қалалар және отырықшы халық бар еді. Қағанның мемлекетті басқару үшін қала қажет еді. Салықты жинау, өзге елдердің елшілерің қабылдау, өзге елдерге өз елшілерің жіберу, қазынаны сақтау және өзге қажеттіліктер үшін қала керек еді.
Батыс Түрік қағанатының ыдырауы
Қағанат Тон-ябғу қағаннан кейін әлсірей бастайды. Қағанатта екі негізгі тайпа одағы бар еді, бұлар дулу және нушеби. Осы екеуінің билікке деген өзара күрестің әсерінен мемлекет әлсірей бастады. Мемлекетте алауыздық пайда болды.
Батыс Түрік қағанатынан осы жылдары - Солтүстік Кавказ бен Еділ өзенінің төменгі тұсында мекендеген хазарлар, Батыс Қазақстан мен Арал манында мекендеген оғыздар, Сарыарқа мен Шығыс Қазақстанда мекендеген қимақтар бөлінеді. Қағандар тек Жетісуда ғана билікке ие болады. Қағандар жиі алмасып тұрады. Саяси тұрғыдан қарағанда елде алауыздық пайда болды. Мұрагерлер арасында.
Осыны пайдаланып қытай әскері баса көктеп Жетісуға кіреді. Жетісуда билік құрады. Жетісудан қытайлықтарды 704 жылы түргештердің Үшлік қағаны қуып шығады. Осылай қуатты Түргеш қағанаты дүниеге келеді.
Пән: Тарих
Ақпаратқа үлкен рахмет бірақ "еді" деген сөзді көп қолданыпсыз
Жауап беру | Өзгерту | Жою