Бауыржан Момышұлы сөздері, өмірбаяны және шығармашылығы
Бүткіл әлемге танымал қазақтың ең атақты жазушысы, батыры, ұлт-мақтанышы, көсемі, қаһарманы, әскери ғылымының данасы, қолбасшы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы қайырлы болсын!
Бауыржан Момышұлы нақыл сөздері
Батырымыздың соңынан бай мұра қалды. Неше түрлі кітаптер, әңгімелер, нақыл сөздер, естеліктер. Құдайға шүкір бұның көбісі уақытында баспа беттерінде жарық көріп осы күнге дейін жетті. Бауыржан Момышұлы нақыл сөздері мол, бұларды жаттап жүріңіз.
Соғысты, аштықты, көрген адам кеменгер бола алады. Соғыстағының бәрін ой өзіген өткізіп сендерге, жастарға мұра етіп қалдырған батырымызды мақтан тұтайық.
Отан үшін отқа түс – күймейсін.
Ең танымал деген сөздерінің бірі. Көптеген мектеп қабырғаларында бұ күндері осы қанатты сөз стенд боп жазылып тұр.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтын белгісі.
Бұл да Бауыржан Момышұлы сөздерінің бірі. Осы күні қазақты қаралайтын, қазақты жалқау мен білімсізге теңейтіндер көп. Кешегі Кеңес Одағы заманында бұдан да көп еді, соларға арнап Баукен осы сөзді шығарды.
Ашумен емес, ақылмен үйрету керек.
Жасыратыны жоқ кейбір мұғалімдер мен басшылар қарамағындыларға тиянақты түсіндірмей айқайлауды жөн көреді. Соларға айтқан ақылы.
Тәртіпке бағынған ел құл болмайды.
Соғысты көрген батырымыз тәртіптін жемісін бағалай алған. Себебі тәртіп орнамаған талай әскери құрамалардың соғыста жоқ бола қалғаның өз көзімен көрген. Тәртіпті білмеген талай роталардың болмашы соққыдан жан жаққа шашырап кеткенің де көрген адам ретінде осыны бізге айтқан.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы қарапайым қазақ отбасында 1911 жылдың 6 ақпанында дүниеге келді. Туған жері қазіргі Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қолбастау ауылы. Руы дулат. Атам қазақ айтқандай - қамыс көп пе, Дулат көп пе?
Атақты батырымыздың әскери форма киіп тұрғандағы түскен фотосы:
Бауыржан Момышұлы отбасы
Бәукенің әкесі Момыш қарапайым шаруа еді. Мал бағып күн көрген адам. Анасы Рәзия ерте дүниеден озды. Сөйтіп бала әжесінің қолында өсті. Әжесі Қызтұмас намысты, жігерлі болса да немересін сүйіп тәрбиеледі. Әділ болуды, намысты бермеуді ерте жастан ақ құлағына құйды.
Бауыржан Момышұлы екі рет үйленген. Бірінші рет Бибіжамал деген әйелге, одан Бақытжан Момышұлы деген бала дүниеге келген. Бақытжан Момышұлы әкесінің ісін жалғастырған, ақкөнілді, мейірімді, ұлтжанды жазушы еді. Екінші әйелі Ғайниқамал.
Және некесіз жолмен 1947 жылы Елена Бауыржанқызы деген қыз туылды. Жазушылық жолын, батырдың баласы Бақытжан және оның жұбайы Зейнеп те тандаған.
Бауыржан Момышұлының жастық шағы жайлы туынды - Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы өзінің балалық шағы жайында арнайы Ұшқан ұя деген повесть, кітап жазған еді. Осы кітапта Бәуке жас кезінен-ақ батыр болмағаның жазады, Қобыландыдай екі жаста жауды жайратып салатындай боп туылмағаның бізге көрсетеді. Қорықса жылап кететін, өзгелермен ойнап-күліп жүретін кәдімгі ауылдың қара домалақ баласы етіп бейнеленеді.
Жиырмасыншы ғасырдағы аштық жайлы да жазады. Орыстардың қазақ жеріне келіп, оның әкесі Момышпен достасқаның да жазады. Қазақ пен орыс бірігіп жер жыртып, мал бағып дос болғаның да жазады.
Жасасын Революция!
Бәуке дүниеге келген заманда қазақ жері Ресей империясының құрамында еді. О заманда бәр игілік ақсүйектерге тиесілі еді, елдің бар байлығы қақбас, шал Николайдың уысында болған. Ақсүйектер кедейдің жерін, малын тартып алып мейлінше байыған. Елде бір ғана партия бар еді, парақорлар партиясы.
Париж бен Лондонда ақшаны онды, сонды шашып жүрген байлар, парақор, жемқор әкімдер Ресей империясында шаруалардың қанын судай ағызған. Не бір білімділерді, Сібірге айдаған, не бір адал азаматтарды соттамай-ақ атқан.
Ел бұған көп жыл шыдап ақырында қақбас шал Николайды құлатып әділеттік орнатты. Революциядан кейін бар байлық халыққа берілді. Неше түрлі мектептер, училишелер, институттар халық игілігі үшін ашылды.
Соның бірі болған Аса интернатына 1921 жылы оқуға Бауыржан түседі. Интернат дегеніміз әрі оқитын, әрі тұратын жер. Одан кейін, 1924 жылдан бастап Шымкент қаласында ашылған жеті жылдық мектепте оқуын жалғастырады.
Осы мектепті 1928 жылы бітіріп Орынбордағы Қазақ Педагогикалық институтке түседі. Институке түскенмен, оқи алмайды. Себебі ақша тапшы болғандықтан, жөнді ауқаттанбай, қысқы киім ала-алмай ауырып қалады. Лажсыздан оқуын тасптап кетеді.
Алғашқы әскери қызмет
О кезде жастарға әскерге барып борышын өтеу керек еді. Бәріне міндет болған заман еді. Институттан кейін елге оралып біраз жыл, мұғалім боп қызмет етті. Кейін, 1932 жылы әскерге шақырылды. Сөйтіп бір жарым жылын әскерлерде қызмет етті. Одан кейін еліне оралып банкте қызмет етті.
Екінші рет әскерге батырымызды 1936 жылы шақырды. Сонау Қиыр Шығыста қызмет етті. Бұ жолы аса дарынды сарбаз ретінде оны әскерге шақырды. Бауыржан болса бұған қарсы еді, себебі ауылда қарт әкесі қалған еді. Бірақ лажсыздан ауылын тастап алыс сапарға кетуге мәжбүр болды.
316 атқыштар дивизиясын құру
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып жұрт әскерге шақырылды. Алматыда 316 атқыштар дивизиясы құрыла басталды.
Осы дивизияны құру кезінде ат салысқан генерал Панфилов батырымзға әкелік көзімен қарап көп рет қолдаған. Екеуі, атам қазақ айтқандай "Бір жағадан бас, бір женнең қол" етіп соғыста ерекше ерлігімен танылған дивизияны құрған. Панфилов дивизия коммандирі ал Бауыржан батальон командирі болды.
Екеуі жастарға соғысу өнерін, елін қорғау, патриот болуды үйретіп. Жастарды болашақ күреске дайындап, фронтқа 1941 жылы үлкен дивизия боп аттанған. Барған жері Мәскеу түбі.
Мәскеу үшін шайқас
Осыдан 80 жыл бұрын атақты Мәскеу шайқасы аяқталған еді. 1941 жылдың 30 қыркүйегі мен 1942 жылдың 20 сәуір арасында болған, алып шайқас Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңыздысы еді. Бір жағынан фашистік Германия мен оның одақтастары, екінші жағынан Кеңес Одағы мен олардың одақтастары.
Осы шайқаста ерекше ерлігімен, дарынды басшылығымен Бауыржан ел арасына танылады. Осы шайқастын 27 ұрысында қатысады. Әсіресе Волоколамск шоссесінде болған ұрыс кезінде ерекше ерлігімен көзге түседі.
Бұл алып шайқаста миллиондаған әскер қатысса да, ерекше ерлігімен 316 атқыштар дивизиясы көзге түседі. Кейін генерал Панфилов қайтыс болады да, дивизия оның атымен атала бастайды. Дивизияны Бауыржан басқарады.
Волоколамское шоссе
1943 жылы Александр Бектің "Волоколамское шоссе" деген кітабы шығады. Кітап Бауыржан басқарған батальонның ерлігін бүткіл әлемге танытады. Осы туындыда қазақтардың ерекше ерлігі жайлы жазылады. Баукеннің соғыстағы ерлігі жайлы баяндалады.
Соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен Бауыржан полковник деген атаққа ие болды.
Соғыстан кейінгі жылдар
Соғыс аяқталғаннан кейін Бауыржан 1946-1948 жылдары Е.К. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияда оқыған. Оны бітіріп әскери қызметте болған. Кейін 1950 жылдан 1955 жылға дейін В. М. Молотов атындағы академияда аға-оқытушы боп болашақ әскерилерге дәріс берген.
Осы академияның студенттері Бәукенінің лекцияларын бар ықыласпен тындаған. Бірі қалмай барып тұрып оның айтқаның бойына сіңіре берген. Батырымызды жастар ерекше құрметтеген.
1955 жылы академияны және әскери қызметті тастап кетті. Себебі оның жолына басшылар тосқауыл қойды. Мысалы әскери атағын жоғарлатпады. Өзгелер генерал, маршал болып қалса, батырымыз полковник боп қала берді.
Академияны тастап Алматыға келгеннен кейін жазушылықпен айналыса бастады. Шығармашылығының негізгі тақырыбы соғыс еді. Себебі соғыста көргені мол еді.
Бауыржан Момышұлының шығармашылығы
Бауыржан Момышұлы көп мұра қалдырған батыр еді. Мысалы Ұшқан ұя, Куба әсерлері, Мәскеу үшін шайқас, Психология войны, Жауынгердің тұлғасы және басқалары. Бұлар нарықтық заманда ерекше сұранысқа ие шығармалар.
Кешегі Кеңес Одағы заманында көп ақын бар еді, көп жазушының еңбектерін миллиондаған тиражбен шығарған. Көбі қазір беймәлім боп қалды. Жастар арасында бұларға деген қызығушылық жоқ. Бәукеннің шығармалары болса о заманда да, бұ заманда да зор сұранысқа ие.
Бұның себебі Бәуке басшыны не партияны мадақтап жазбаған. Көрінгенге жем болған, бұл заманның әділетсіздігін арқалаған мыжындар сияқты да жазбаған.
Бәукенің басты қаһарманы күресшіл, әділеттікті сүйетін, жауға жем болмайтын, керек болса қолына қару алып күресетін, Махамбеттің "Ерулі атқа ер салмай" өлеңіндегі сияқты әділ жұрт.
Батырымыздың туындылары бүткіл әлемге тарап кетті. Осы күні Түркияда, Кубада, Израйлде оның туындыларын әскери институттарда оқытады. Батыр болсан Бауыржандай бол деп оны пір тұтады.
Бауыржан Момышұлының мінезі
Бауыржан Момышұлының мінезі тік еді. Ол ойлағаның жасырмай айта беретін шыншыл адам еді. Керек кезде қол ұшын беруге даяр, адамгершілігі мол адам болған. Көптеген замандастарының айтқанына сенсек ол сырттан қарағанда қатал боп көрінгенмен, ашылып сөйлесе жұмсақ бола қалатын.
Өтірікті жек көретін батыр еді. Ол өмірде де, шығармашылығында да қиялға аз бөленген адам еді. Мысалы Кубаға барған сапарында, талай оқырман, жанкүйер алдында сөйлегенде, кітаптарымда бірде-бір кейіпкерді ойдан шығармадым, бәрі шын болған адамдар деп ағынан жарылған.
Пән: Қазақ әдебиеті
Do you need Finance? Are you looking for Finance? Are you looking for finance to enlarge your business? We help individuals and companies to obtain finance for business expanding and to setup a new business ranging any amount. Get finance at affordable interest rate of 3%, Do you need this finance for business and to clear your bills? Then send us an email now for more information contact us now via (financialserviceoffer876@gmail.com) whats-App +918929509036 Dr James Eric Finance Pvt Ltd Thanks
james eric
Жауап беру | Өзгерту | Жою