×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Тәуке хан

Создание интернет магазина

Қазақ хандығының бір әйгілі көсемі, ханы - Тәуке хан еді. Бұл хан өзінің атақты "Жеті жарғысы" заңнамалар жинағымен және сыртқы жаулармен күресумен халық жадында қалды.

Тәуке хан атақты Салқам Жәңгір ханның баласы. Әкесі хан болған кезінде, жас Тәукені Қашқарға, Абдаллах ханға жіберген еді. Бұл сапардың мақсаты, қазақ пен қашқар билеушілеріне ортақ жау - жоңғарларға қарсы одақ құру еді.

Тәуке хан боп сайланғаннан кейін ел басқару ісінде билерге сүйенеді. Үш жүздің атақты үш биі дәл осы ханның тұсында өмір сүрген. Бұлар - Ұлы жүздің Төле биі, Орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биі және Кіші жүздің Әйтеке биі. Осы үш би және өзге билер кеңесіп атақты "Жеті Жарғы" заңдар жинағын 17 ғасырдың соңында құрастырған.

Тәукенің билікке келуі

Тәукені 1680 жылы Қазақ хандығының ханы етіп ел басшылары сайлайды. Бұдан бастап 1718 жылға дейін елді басқарады. Жоңғарларға, қалмақтарға, казактарға, қоқандықтарға қарсы күреседі. Бәрін жеңеді.

Жоңғар хандығы 1635 жылы құрылғаннан кейін бар күшін қазаққа қарсы жұмсаған, мақсаты қазақ елінің жерін және малын иемдену. Ұлын құл, қызын күн ету. Осы мақсатпен талай рет жоңғар билеушілері қазақ еліне жорыққа аттанған.

Жоңғар елінің шапқыншыларына Тәуке ханның әкесі Салқам Жәңгір хан тойтарыс берген. Ол өлгеннен кейін бұл істі оның баласы Тәуке хан жалғастырған.

Пән: Тарих