Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз не?
Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз не? Сынақ, тәжірибе кезінде шама кез келген, алдын ала белгісіз мәнді қабылдаса бұл шама кездейсоқ деп аталады.
Егер кездейсоқ шама шекті мәнді ғана қабылдай алса бұл шама дискретті кездейсоқ шама делінеді. Мысалы ойын сүйегінің түсу ұпайы 1-ден 6-ға дейін ғана болады:
Сынақ жасап сүйекті лақтырсақ бұның ұпайы тек 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарына тең ғана бола алады. Дискретті кездейсоқ шама дегеніміз осы!
Дискретті кездейсоқ шаманы аңықтау
Дискретті кездейсоқ шама X мынандай кесте арқылы беріле алады:
X | x1 | x2 | ... | xn |
p | p1 | p2 | ... | pn |
Бұны былай түсінеміз X шамасының x1 мән қабылдай алу ықтималдығы p1, x2 мән қабылдай алу ықтималдығы p2, ... , xn мән қабылдай алу ықтималдылығы pn
Және барлық ықтималдықтардың қосындысы 1 тең болуы керек:
p1 + p2 + ... + pn = 1
Мысалы ойын сүйегінің кестесі мынандай болады:
X | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
p | 1/6 | 1/6 | 1/6 | 1/6 | 1/6 | 1/6 |
Бұның ықтималдықтарының қосындысы неге тең?
Пән: Ықтималдық теориясы