×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Кристалдық тор - иондық, металдық, атомдық және молекулалық

Создание интернет магазина

Қатты заттар атомдардан, молекулалардан не иондардан құралады. Бұлар кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасуы мүмкін.

Мысалы ас тұзындағы (NaCl) натрий және хлор иондары былай орналасқан:

Ас тұзының кристалдық торы

Бұлар кеңістікте тор пішінді боп орналасады. Кристалдық тор дегеніміз осы. Кристалдық торларда атомдар, молекулалар не иондар белгілі бір тәртіппен кеңістікте орналасады. Қатты заттардың көбінде кристалдық тор бар.

Кристалдық тордың түйіндері дегеніміз, кристалдық торды құратын атомдар, молекулалар не иондар. Мысалы жоғарыдағы ас тұзының түйіндері натрий және хлор иондары болады. Кристалдық тордың түйіндеріне байланысты, кристалдық торлар - иондық, металдық, атомдық және молекулалық деп төртке бөлінеді.

Кристалдық торлар типтері

Иондық кристалдық тор

Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан құралады. Бұны жоғарғы суретте көре аласыз. Көк түспен оң зарядталған, ал қызыл түспен теріс зарядталған иондар белгіленген.

Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады:

Ас тұзының кристалдық торы

Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс заряды бар хлор ионынан (Cl-) құралған.

Иондық кристалдық торға ие заттар негізінен қатты, жоғары температураларда балқитын болады. Себебі иондар арасында берік байланыс орнайды. Бұлар суда жақсы ериді. Мысалы ас тұзы суда жақсы ериді.

Металдық кристалдық тор

Металдық кристалдық тор дегеніміз бұл оң зарядталған иондардан және метал атомдарынан құрылған кристалдық торлар. Оң зарядталған иондарды катиондар деп атайды.

Бұндай кристалдық торлар металдарда (мыс, темір, алюминий, қалайы, қорғасын және басқалары) және олардың қорытпаларында кездеседі. Мысалы қолада.

Металдық торға ие заттарда жылтырлық, тоқты және жылуды жақсы өткізгіштік қасиеттер болады. Оған қоса майысқақтыққа ие.

Атомдық кристалдық тор

Атомдық кристалдық тор кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасқан атомдардан құралған.

Мысалы графит деген зат көміртегінің атомдарынан құралған, осы заттын атомдары былай орналасқан:

Графиттің кристалдық торы

Графиттегі әрбір көміртегі атомы көршілес үш көміртегі атомымен қатты байланысқан қабатты құрайды. Бұл затта осындай талай қатарлар бар. Бірақ қабаттар бір-бірімен әлсіз байланысқан. Соңдықтан графит жұмсақ әрі сынғыш болады. Бұл заттан қарындаш жасайды.

Ал алмас деген затта осы көміртегі атомдарынан құралған, бірақ бұл заттың құрылысы басқа:

Алмастың кристалдық торы

Алмаста көміртегі атомдары бір-бірімен берік байланысқан. Сондықтан бұл зат берік болады.

Жалпы атомдық кристалдық торға ие заттар негізінен қатты, балқу температурасы жоғары және аз еритін болады.

Молекулалық кристалдық тор

Молекулалық кристалдық тордың түйіндері молекулалардан құралған. Мысалы I2 кристалдық торы мынандай:

Молекулалық кристалдық тор

Бұнда нені байқаймыз? I2 молекулаларының белгілі бір тәртіппен орналасқаның.

Ескерту

Кристалдық торларды көрсеткенде, кристалдық торлардың түйіндерінің арасында жіңішке сызықтарды белгілейді. Бұл сызықтар нақты емес, тек түсіну үшін ойша сызылған. Мысалы географияда меридиандарды картада сызықтармен бөледі. Бірақ бұлар табиғатта жоқ қой!

Бұндай сызықтар кристалдық торларда шынымен бар деп ойлап қоймаңдар!

Пән: Химия

Комменттер

Металдык кристалдык торы бар зат

Ерден Алибек

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Мысалы, темір, мыс, қола, металдық кристалдық торы бар заттар.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Атомдық кристалдық торға жататын заттардың қасиеттері және нелер жатады

Жазок Сарсенбек

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Мысалы графит, алмас, кремний, бор. Атомдық торға ие заттар жоғары температурада балқиды, мәселен графит пен алмас. Оған қоса кейбірі берік болады, алмас табиғаттағы ең берік зат. Бірақ бәрі емес, мысалы графит жұмсақ болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Молекулалық крсталдық тор заттардың қасиеті

Айгерім Дукан

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Молекулярлы кристалдық тордағы байланыс ковалентті және иондық байланыстан әлсіздеу. Соңдықтан бұндай заттар тез ерігіш және аса берік болмайды. Мысалы иод.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Металдык кристалл Торы бар зат кандай физикалык касиеттерге ие болады?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Металдық торға ие заттарда жылтырлық, тоқты және жылуды жақсы өткізгіштік қасиеттер болады. Оған қоса майысқақтыққа ие.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою