×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Заттың агрегаттық күйлері. Қатты, сұйық және газ

Создание интернет магазина

Заттың агрегаттық күйлері дегеніміз бұл - газ, сұйық және қатты күй. Мысалы су, су бөлменің оң температураларында сұйық боп ағады, аязды күндерде су далада мұз боп қатады, шәйнектегі су қайнап буға айналып газ күйінде болады.

Су

Заттардың агрегаттық күйлері молекулалар мен атомдардың орналасуына байланысты.

Газдарда молекулалар мен атомдар бір-бірінен алыс орналасады, ал сұйықтар мен қатты заттарда молекулалар мен атомдар бір-біріне жақын орналасады.

Сұйық пен қатты заттардың атомдары мен молекулалары тығыз орналасқандықтан, заттың бұндай агрегаттық күйлерінде заттың көлемі тұрақты болады. Сұйық пен қатты заттарды соңдықтан сығу қиын болады. Молекулалар мен атомдардың арақашықтарын өзгерту қиын болғандықтан.

Қатты заттардың атомдары көбінесе кристалдық тор пішінді болады:

Кристалдық тор

Кристалды тор дегеніміз атомдардың тор сияқты бір тәртіппен орналасуы, бұндай құрылым қатты заттарға тән.

Қатты заттың атомдары кристалдық торды құратындықтан, бұндай заттың - пішінің өзгерту, сығу, қысу қиын болады. Металдардың серпінділігі бұндай құрылымнан туындайды.

Ал газдарда молекулалар мен атомдар қашық орналасқандықтан газдарды сығу оңай болады. Газ көлемін көп күш жұмсамай-ақ кішірейте аламыз, және де газдардың тығыздықтары да осы себептен аз болады.

Сұйық денелерде молекулалар мен атомдар қатты денелерге қарағанда қашық орналасады. Сұйық заттарда молекулалар тәртіпсіз орналасады. Сұйық заттар осы себептен аққыш болады. Сұйықтар ыдыстың пішінің қабылдайды.

Пән: Физика

Комменттер

Молекулалар орналасуы мен көлемін және пішінін айтыңызшы өтініш

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Газдарда молекулалар бір бірінен қашық орналасады, және орның өзгертіп тұрады. Соңдықтан барлық газдар жеңіл әрі пішінің сақтап қала алмайды. Мысалы ауаны алайық. Ауа өз пішінің сақтамайды әрі жеңіл. Көзге көрінбейді.

Қатты заттарда молекулалар бір біріне жақын орналасады және орнын өз бетімен өзгертпейді. Соңдықтан қатты заттар ауыр әрі пішінің сақтап қалады. Мысалы темірді алайық. Темір су сияқты ағып кетпейді. Әрі ауыр болады.

Сұйықтар болса газдар мен молекулалардың арасындағы заттар. Олар пішінің сақтап қала алмайды әрі ауырлау болады. Себебі сұйықтықтарда молекулалар бір біріне жақын орналасқанмен олар бір орында тұрып қалмайды. Қозғалыста болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою