Теңіз дегеніміз не? Теңіз деңгейі
Теңіз дегеніміз төрт мұхиттардың біреуімен болса да шектесетін, бірақ олардан біраз оқшауланған судың бір бөлігі. Мысалы Жапон теңізі батысынан Еуразия құрлығымен, шығысынан Жапония мен Сахалин аралдарымен шектелген:
Бірақ бұл теңіздің сулары Тынық мұхитының суларымен байланысқан. Каспий мен Арал теңізге жата ма? Жауабын түсіндіріп беріңдер.
Теңіз деңгейінен
Кейбір мақалаларда теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте немесе 50 метр тереңдікте дегені бар. Бұл не? Барлық теңіздердің сулары мұхиттармен байланысқандықтан, бұлар бір алып су бетін құрайды. Соңдықтан теңіздер мен мұхиттардың су деңгейі бір болады.
Бұл деңгей теңіз деңгейі деп аталады. Тек Каспий мен Арал теңіздерді бұған қоспаңыз, себебі бұлар мұхиттармен шектеспейді, соңдықтан олар теңіз емес, көл болады. Бірақ бұл көлдердің алыптығын ескере отырып, оларды теңіз деп атай береді.
Пән: География