Физика формулалары, кинематика формулалары қазақша
Физика формулалары осы жер де бар. Бұларды жаттаңыз формулалар есептерді шығару үшін ауадай қажет! Физика көп салалы іргелі ғылым саласы, сондықтан формулаларды жеке салалар бойынша бөліп-бөліп келтіреміз.
Кинематика формулалары қазақша
Кинематика бұл денелердің қозғалыстарын күштердің әсерінсіз сипаттау, қозғалыс себепкері болған күштерді есепке алмай. Осы жерде кинематика формулалары қазақша келтірілген. Және түсіндірмелері де бар.
v = S/t, v - жылдамдық, S - өткен жол ал t - уақыт
Дененің жылдамдығы v тұрақты болғанда x орын ауыстыру мына формуламен анықталады:
x = x0 + vt, x0 - бастапқы орын
Дененің жылдамдығы v1 ден v2 -ге дейін t уақыт аралығында өссе a үдеу мына формуламен анықталады:
a = (v2 - v1)/t
Үдеу a біркелкі болғанда дененің жылдамдығы v мына формуламен анықталады:
v = v0 + at, v0 - бастапқы жылдамдық, t - өткен уақыт
Пән: Физика