Серіппенің потенциалдық энергиясы, серіппенің формуласы
Серіппені қысқанда не ұзартқанда Гук заңына сәйкес серпімділік күші пайда болады. Серпімділік күші мына формуламен анықталады:
F = k l, мұндағы k қатаңдылық коэффициенті деп аталатын шама, l ұзару не қысқару шамасы.
Серіппенің потенциалдық энергиясы серіппені қысқанда пайда болады, бұл энергия мына формуламен анықталады:
Бұл суреттегі серіппенің бастапқы ұзындығы S+l ал серіппені қысқандағы ұзындығы S.
Серіппені ұзартқанда да дәл бұндай энергия серіппеде жинақталады. Бұл жағдайда серіппенің бастапқы ұзындығы S ал серіппенің ұзартылған ұзындығы S+l. Суреттегі формула да өз орнын өзгертпейді.
Есеп шығару
Серіппенің қатандылық коэффициенті 40 Н/м болса, серіппені он сантиметрге қысқанда серіппеде қанша потенциалдық энергия сақталады?
Формулаға сәйкес:
E = k*l2/2
E = 40*0,12/2 (10 сантиметр = 0,1 метр)
E = 40*0,01/2
E = 0,2 Дж.
Жауабы: E = 0,2 Джоуль.
Серіппенің қатандылық коэффициенті 100 Н/м болса, серіппені жиырма сантиметрге ұзартқанда серіппеде қанша энергия жинақталады? Ал 30 см ше?
Пән: Физика