×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Функция деген не? Функцияның анықталу облысы

Создание интернет магазина

Функция дегеніміз бір айнымалыға басқа бір айнымалының бір мәнің сәйкес қоятын тәуелділік, заң. Мысалы y = x + 1 функциясы әрбір x-ке y-тің x+1 мәнің сәйкес қояды.

x = 0 болса, y = x+1 = 0+1 = 1,

x = 1 болса, y = x+1 = 1+1 = 2 тағы сол сияқты.

Осы функцияның графигі:

функция деген не

Функция бір x айнымалысына белгілі бір заң не ереже бойынша тек қана бір y санын сәйкес қояды, бұны былай жазады:

y = f(x), f осы заңдылықтың белгісі.

Функцияның анықталу облысы

Кейбір функциялардың айнымалысы тек белгілі бір мәндерге ғана ие бола алады. Мысалы y = 1/x функциясының x айнымалысы нөлге ғана тең бола алмайды. Өйткені бірді нөлге бөлуге болмайды.

Соңдықтан y = 1/x функциясы сандық түзудегі нөлден басқа барлық нүктелерде анықталған.

y = f(x) функциясының мағынасы бар x-тердің жиыны функцияның анықталу облысы деп аталады.

Мысалы y=1/x функцияның анықталу облысы нөлден басқа барлық сандар жиыны.

Ал y = x+1 функцияның анықталу облысы бүткіл сандық өсі болады.

Жаттығы ретінде y = 1/x - 1 функциясының анықталу облысын табыңыз.

Пән: Математика

Комменттер

y=1/x-1 берілгені; х тең емес 0 ге. х=барлық нақты сандар жиынына. Мысалы х тең болсын 5 ке. Онда у=1/5-1; у=1/5- 5/5=-4/5 ; у=4/5; у=-0,8

Эльдана

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Рахмет саған Эльдана! Дұрыс! Жауабы: y = 1/x - 1 функциясының аңықталу облысы 0-ден басқа барлық сандар жиыны.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Неге х=0-ден басқа санды қоюға болады? 1/0-1 болатын болса, 0 шықпайды ғой.

 

 

Альбус Дамблдор

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Себебі есептегі функция y = 1/x - 1, сіздің ойлап тұрғаныныз y = 1/(x - 1) функциясы. Екеуі бірдей емес!

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

комектесесизбе, берилгени 40 минут

 

Kazybek Karimbai

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Көрінбейді бауырым!

1.1 есебінде түбір астындағы өрнек он болуы керек. Және бөлімі нөлге тең болмауы керек. Бұны компьютерде теру қиындау.

1.2 есебінде бөлімдеріндегі өрнектер нөлге тең болмауы керек.

2.1 есебінде y = 2x2 - 4x + 10 = 2(x2 - 2x + 5) = 2(x2 - 2x + 1 + 4) = 2((x - 1)2 + 4) = 2(x-1)2 + 8. Яғни y 8 үлкен болады. Өйткені (x-1)2 нөлге тең не одан көп. Сонымен жауабы y [8; +∞)

2.2 есебінде |x - 3|/(x - 3) саны модульдің аңықтамасы бойынша не +1 не -1 тең. Сонымен жауабы y екі мәнді ғана қабылдай алады. y = 5 + 1 = 6 және y = 5 - 1 = 4.

3 көрінбейді.

4.1 f(x) = x2 - 2x, g(x) = cos3x, f(g(π/12)) = ?

g(π/12) = cos (3*π/12) = cos π/4 = √2/2

f(g(π/12)) = (√2/2)2 - 2√2/2 = 2/4 - √2 = 1/2 - √2

4.2 f(2x - 3) = 4x - 5, f(x) = ?

f(2x - 3) = 4x - 5 = 4x - 6 + 1

f(2x - 3) = 4x - 6 + 1 = 2(2x - 3) + 1

f(x) = 2x + 1

 

 

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

7 нұсқадан көмек керек 

Danabek Tólegenuly

Жауап беру | Өзгерту | Жою

y3 = 6x2 - x3

y = (6x2 - x3)1/3

1. Аңықталу облысы бүткіл сандар жиыны.

2. Периодты емес. ОХ өсіне қатысты симметриялы емес. Өйткені y(-x) = (6(-x)2 - (x)3)1/3 = (6x2 + x3)1/3, ал y(x) = (6x2 - x3)1/3

Яғни y(-x) ≠ y(x)

3. Үзіліс нүктелері жоқ.

4. Туындысын тауып нөлге теңестіріп x табыңыз. Осы нүктелер кризистік болады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

y=x4-2x2-3 аңықталу облысы бүткіл нақты сандар жиыны. Себебі әрбір сан үшін осы функция аңықталған.

Мәндер қабылдау облысын табу үшін оны түрлендірейік:

y=x4-2x2-3

y=x4-2x2 + 1 - 4

y = (x2 - 1)2 - 4

(x2 - 1)2 >= 0

Демек y >= -4

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

у=1/х

у=3/х+3

шыгарып бере алатындарыныз бар ма???

Torgyn Mustafa

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Саламатсызба!

Не істеу керек? Егер функциялардың аңықталу облыстарын аңықтау керек болса соны табайық.

у=1/х

Осы функция нақты сандар жиының x=0 басқа нүктелерінің барлығында аңықталған. Демек аңықталу облысы осы облыс болады.

у=3/х+3

Осы функцияның аңықталу облысы бірінші есептегідей. Себебі 3/х+3 функциясы x=0 нүктесінде ғана аңықталмаған.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

y =sinx-1

Функциянын аныкталу обылысы 

Мандер жиыны

 

Жауап беру | Өзгерту | Жою

y = sinx - 1

Өздеріңіз білетіндей синус бүткіл сандар жиынында анықталған. Демек sinx - 1 функциясы да барша нақты сандар жиынында анықталған. Осыны былай жазамыз: x ∊ (-∞ ; + ∞).

Мәндер жиыны қандай? Синус -1 пен +1 аралығында мән қабылдайды.

sin x ∊ [-1 ; +1]

-1 - 1 = -2

1 - 1 = 0

Демек sin x - 1 ∊ [-2 ; 0]

Сонымен y ∊ [-2 ; 0]

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Көмектесіңізшікөмектесіңізші

Жауап беру | Өзгерту | Жою