Қола дәуірі Қазақстан аумағында
Қола дәуірі Қазақстан аумағында біздің заманымызға дейінгі (қысқаша б. з. д) екінші мынжылдық пен б. з. д 8 ғасыр аралығында болған. Бұл заманда адамзаттың дамуы үдетілді, жаңа технологиялар дамыды.
Қола дегеніміз мыс пен қалайының (қалайыдан басқа элементтер де пайдаланған) қорытпасы, қола мысқа қарағанда берік болады. Бұл қорытпа шамамен 9000-9500 Цельсий градуста (қалайының массалық үлесіне байланысты) балқиды. Темірдің балқу температурасы бұдан шамамен бес жүз градусқа жоғарырақ. Сондықтан қоланы балқыту, темірді балқытудан жеңілірек.
Қоладан көне заманда жасалған сәнді әшекейлер (Батыс Қазақстанда табылған):
Қоладан жасалған құралдар, тастан жасалған құралдарға қарағанда жеңілірек және берігірек болады. Бұл қола дәуіріндегі көне адамдардың өмірін жеңілдетті, еңбек өнімділігін арттырды. Қоладан неше түрлі бұйымдар жасалды - ас дайындау үшін пайдаланған қазандар, түрлі сәнді әшекейлер, пышақтар, найзалар мен жебелердің өткір ұштары, балталар мен шегелер,...
Қоладан жасалған көне қазан:
Қола дәуіріндегі көне адамдардың тұрақтары, Қазақстан аумағындағы мысқа бай - Жезқазған, Шығыс Қазақстан, Қарқаралы сияқты жерлерде көп табылған.
Қазақтын ұлы геологы Қаныш Сатпаевтін есебі бойынша Жезқазғанда көне заманда бір миллион тоннаға жуық кен өндірілген! Соның жүз мыңға жуығы мыс болған.
Андрон мәдениеті
Қола дәуірінде, Қазақстан, Батыс Сібір, Орта Азия далаларында мекендеген көне адамдардың бір-біріне ұқсас мәдениеті болған. Бұны Андрон мәдениеті деп атайды. "Андрон" деп аталғанының себебі бұл мәдениеттің алғашқы жәдігерлері Сібірдегі Андрон ауылында табылған.
Андрон мәдениетіне тиесілі көне адамдардың тұрақтары Қазақстан аумағында көп. Мысалы Батыс пен Солтүстік Қазақстан аумағында сексенге жуық бұндай қоныстарды ғалымдар тауып зерттеген.
Арқайым қаласы
Арқайым көне замандағы қала. Бұл қала Қазақстанның Қостанай мен Ресейдің Челябы облыстарының шекарасында табылған. Арқайым ірі қала болған.
Бұл қалада көп археологиялық жәдігерлер табылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Беғазы мен Дәндібай Орталық Қазақстанда орналасқан елді мекендер. Осы мекендердің маңайында көне заманның археологиялық ескерткіштері табылған. Бұл мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталып кеткен.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің андрон мәдениетінен айырмашылығы - үйлер мен құрылыстардың ірі болуында, үйлердің биік болуында. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тиесілі үйлер бір-бірімен балшықпен байланысқан ірі тастардан жасалған.
Қола дәуірінің ескерткіштерің Қазақстан аумағында Әлкей Марғұлан және оның ізбасарлары зерттеген.
Пән: Тарих