Ауырлық күші дегеніміз не?
Ауырлық күші дегеніміз не? Ауырлық күші дегеніміз барлық денелердің жерге тартылуы. Мысалы көктен жауған жаңбыр жер бетіне құлайды, қар да. Жоғары лақтырылған доп та жер бетіне құлайды. Бұның себебі ауырлық күші.
Көз алдымыздағы барлық денелер Жер планетасының центріне тартылады. Жер Күнге тартылады. Ғарыштағы жұлдыздар да бір-біріне тартылады. Әлемде массасы бар денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады.
Жер бетіндегі ауырлық күші
Жер бетінде денелерге әсер ететін ауырлық күші массаға пропорционал. Бұны күшті өлшейтін құрал динамометрге жүкті іліп көз жеткізе аламыз:
Дененің массасы m-ден ауырлық күші F жуықтап алғанда 9,8 рет көп. Яғни F/m саны тұрақты сан болады. Бұл санды g деп белгілейді.
Ауырлық күшінің формуласы
Сонымен денелердің Жерге тартылу күшінің формуласы мынандай:
F = mg, мұндағы g = 9,8 Н/кг.
g шамасы Жер бетінің әртүрлі аймақтарында әртүрлі. Мысалы солтүстік полюсте g = 9,832 Н/кг ал экваторда g = 9,87 Н/кг ге тең. Физикалық есептеулерде бұл шаманың жуық мәні 9,8-ге тең деп алынады.
Пән: Физика
Комменттер
1-ші сұрақ: Инерция.
2-ші сұрақ: 40/(0,9*0,4*0,55) = 200, ρ = 200 кг/м3
3-ші сұрақ: F = kl = 100*0,01 = 1, F = 1 Н.
4-ші сұрақ: m = F/g = 9,8/9,8 = 1, m = 1кг
5-ші сұрақ: динамометр
6-ші сұрақ: 0,2/18,7 = 0,01 м3
7-ші сұрақ: серпімділік күші
8-ші сұрақ: нормаль қысым күші
9-ші сұрақ: 40*1,64 = 65,6 Н
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Бір балғаның массасы 1,4кг, ал екіншісінікі 875 г. Қайсысы балғаның ауырлық күші көп және неше есе көп
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жоғарыда мынандай формула бар:
F = mg, мұндағы g = 9,8 Н/кг.
Осы формуланың көмегімен бірінші және екінші балғалардың ауырлық күштерін есептей аламыз:
F1 = m1g, F2 = m2g
Бұлардың қатынасы:
F1/F2 = m1g/m2g
F1/F2 = m1/m2
F1/F2 = 1,4/0,875 = 1,6
Жауабы: 1,6 есе рет көп
Жауап беру | Өзгерту | Жою
m = ρ V
0,8 г/см3 = 0,8 кг/л
m = 18,72*0,8 = 14,976
Жауабы: 14,976 килограм
Жауап беру | Өзгерту | Жою
A = N*t
t = A/N
t = 100/25
t = 4 с
Жауабы: t = 4 секунд
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Массасы а) 198 г ә 27кг Б 0, 48 т денеге әсер ететін ауырлық күшін табыңыз көмектесіп жбересзба
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Массасы а) 198 г ә 27кг Б 0, 48 т денеге әсер ететін ауырлық күшін табыңыз көмектесіп жбересзба
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Сәлеметсізбе!
Ауырлық күші жоғарыдағы формуламен есептелінеді:
F = mg, мұндағы g = 9,8 Н/кг.
Яғни массаны 9,8 көбейтесіз.
а) 198 г = 0,198 кг (грамды килограммға аудару үшін 1000 бөлеміз)
F = mg = 0,198*9,8 = 1,9404 Н
ә) 27кг
F = mg = 27*9,8 = 26,46 Н
б) 0, 48 т = 480 кг (тоннаны килограмға аудару үшін 1000 көбейтеміз)
F = mg = 480*9,8 = 4704 Н
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Өтінем осы тапсырмаларға көмектесіңізші.
Алдын ала рахмет!
4-тапсырма
Өздігінен жүретін аппараттың массасы 840 кг. Осы аппаратқа жерде кандай ауырлық күші
әрекет етеді?
5-тапсырма
Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10 кН. Ол дененің массасы кандай?
6-тапсырма
Массасы 1,4 кг жүк серіппені 4 см-ге созады. Егер серіппеге тағы да массасы 2,45 кг жүк
iлсек,серіппенің созылуы кандай болады?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Саламатсызба!
Төртінші тапсырма. m = 840 кг. Жоғарыдағы F = mg (мұндағы g = 9,8 Н/кг) формуласына сәйкес ауырлық күші табыла алады. F = 840*9,8 = 8232 Ньютон.
Бесінші тапсырма. F = 10 кН = 10 000 Н. F = mg, осыдан m = F/g. m = 10 000 / 9,8 = 1020,4 килограмм.
Алтыншы тапсырма.
Гук заңына сәйкес:
F = kl
Ауырлық күші болса:
F = mg
mg = kl
Демек:
m1g = kl1 мұндағы m1 бірінші жүктін салмағы, l1 серіппенің бірінші жүктін әсерінен созылу ұзындығы.
Осыдан серіпеннің керілу коэффициентін табамыз:
k = m1g/l1
Екінші жүкті қосқанда масса m1 + m2 болады. Ал серіпеннің ұзару шамасы l2 болады.
(m1 + m2)g = kl2
k бізге белгілі:
k = m1g/l1
Осыны қоямыз:
(m1 + m2)g = m1g/l1 l2
Демек:
l2 = l1(m1 + m2)g/m1g
l2 = l1(m1 + m2)/m1
l2 = 0,04* (1,4 + 2,45)/1,4 = 0,11 метр (сантиметрды метрге аударамыз. 4 сантиметр = 0,04 метр).
Жауабы 11 сантиметрге созады.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Пожалуйста біреуін білесініздерде пжпж
Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын
1 балл
Инерция
Жылдамдық
Салмақ
Күш
Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90 х 40 х 55 см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар
3 балла
ρ=300 кг/м3
ρ=400 кг/м3
ρ=200 кг/м3
ρ=500 кг/м3
k = 100 Н/м , l= 0,01 м F- cерпімділік күшін анықта?
2 балла
F=1 Н
F=3 Н
F=2 Н
F=4 Н
Салмағы 9,8 Н дененің массасы қандай? g=9.8Н/кг
2 балла
2 кг
3кг
4кг
1кг
Ауырлық күшін өлшейтін құрал?
1 балл
Динамометр
таразы
ампермерт
секундомер
Мұзжарғыш кеме тәулігіне 0,2 кг уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?
2 балла
V=0,1 м3
V=0,001 м3
V=0,002 м3
V=100 м3
Отменить выбор
Дененің деформация салдарынан пайда болатын күш
1 балл
Ауырлық күші
үйкеліс күші
серпімділік күші
салмақ
Отменить выбор
Дененің өзі жанасып тұрған бетке перпендикуляр түсіретін күш
2 балла
нормаль қысым күші
үйкеліс күші
серпімділік күші
ауырлық күші
Отменить выбор
Айдағы баланың массасы 40кг, еркін түсу үдеуі g= 1,64 Н/кг салмағы қандай?
2 балла
P=65 Н
P=60 Н
P=70 Н
P=64 Н
Kalamkas Yedilkyzyz
Жауап беру | Өзгерту | Жою