×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Физикалық және химиялық құбылыстар

Создание интернет магазина

Табиғаттағы заттар мен денелердің өзгерістерге ұшырауы құбылыстарға жатады. Мысалы бұлттардың пайда болуы, ағаштың жануы, найзағайдың пайда болуы және тағы сол сияқтылары.

Осы сабақта физикалық және химиялық құбылыстар мен олардың айырмашылығы баяндалады.

Қандай құбылыс физикалық құбылысқа, ал қайсысы химиялық құбылысқа жататыны анықталады.

Физикалық құбылыстар

Темір сымды майыстыру, соғу, пішінің өзгерту физикалық құбылысқа жатады. Себебі бұндайда темір сымының химиялық құрамы өзгермейді, бұл баяғы темірден жасалған сым.

Я болмаса суды тоңазытқышта салқындырып қатты затқа - мұзға айналдырсаңыз, су құрамы өзгермейді. Судың тек агрегаттық күйі өзгереді. Бұл баяғы су.

Физикалық құбылыстар бұл заттың пішінінің, агрегаттық күйінің өзгеруі ғана болатын құбылыстар.

Химиялық құбылыстар

Темірдің далада тұрып тот басуы, химиялық құбылыстарға жатады:

Темір тотығы

Себебі бұнда қызғылт түсті жаңа зат - темір тотығы пайда болады. Темір берік зат болса, темір тотығы үгінді болады. Бұл басқа зат.

Темір тотығы ауадағы оттегі, су мен темірдің әрекеттесуінен пайда болады.

Химиялық құбылыстар дегеніміз жаңа заттардың түзілуі. Атомдар мен молекулалардың әрекеттесіп жаңа заттардың пайда болуы.

Пән: Химия

Комменттер

Химиялық реакция дегеніміз не?

Физикалық және химиялық құблыстар кезінде заттардың құрамы қандай өзгерістерге ұшырайды?

Химиялық реакциялардың басталу және жүру жағдайлары қандай?

Жарықта жүретін қандай реакцияларды білесің?

Маған кешкі 17 00 дейін істеп бере алсыз ба?

Каракат Бектас

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Химиялық реакция дегеніміз не?

Химиялық реакция бұл жаңа заттардың түзілуіне әкеп соғатын реакция. Мысалы көмірдің пеште жануы химиялық реакцияға жатады. Себебі алғашында көмір боп кейін жанып күл мен түтінге айналады. Бұнда бір зат (көмір) екі затқа (күл мен түтінге) жылу бөліп айналады.

Физикалық және химиялық құблыстар кезінде заттардың құрамы қандай өзгерістерге ұшырайды?

Физикалық құбылыстар бұл жоғарыдағы тексте жазылғандай бұл заттың пішінің өзгеруі, затты жоғары не төмен түсіруі, майыстыруы, созуы және сол сияқтылары. Мысалы, сіз допты тепсеніз бұл физикалық құбылысқа жатады, химиялық емес, себебі доп ары қарай үшып жерге құлайды, жаңа зат түзілмейді. Ал химиялық құбылыс бұл жаңа заттардың түзілуіне әкеп соғатындары. Мысалы, далада жатқан темірдің тот басуы.

Химиялық реакциялардың басталу және жүру жағдайлары қандай?

Бұл да оңай. Газ бөлінсе, заттың түсі өзгерсе, жарық шашыратса, иіс пайда болса, жылу бөлінсе не сіңірілсе, тұнба түзілсе. Мысалы көмір не ағаш не басқа отын жанса осылардың барлығы дерлік байқалады.

Жарықта жүретін қандай реакцияларды білесің?

Мысалы фотосинтез. Биологиядан білетініміз фотосинтез нәтижесінде көмірқышқыл газы мен судан өсімдіктер глюкоза деген затты күн сәулесінің көмегімен өндіреді.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

- су қызады және буға айналады

 

- сутегі асқын тотығы суға ыдырайды және

 

оттегі газы - темір таттары

 

- мұз ериді

 

- әктасқа құйылған қышқыл көмірқышқыл газын түзеді

 

- сүт қышқылдары

 

- ағаштың жануы

Осылар қай агрегаттық күйге жатады?

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Су ол сұйық зат. Су буы газ. Мұз қатты. Оттегі газ. Темір тотығы қатты зат. Көмірқышқыл газы кәдімгі газ. Сүт қышқылы сұйық зат. Ол сүттін құрамында бар. Ағаш өзі қатты зат. Бірақ жанғанда түтін мен күлге айналады. Түтін газ ал күл қатты зат.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою