Тең бүйірлі үшбұрыштың медианасы
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы, биссектрисасы да биіктігі де болады.
Бұны мына суретте көре аласыз:
AH кесіндісі BC табанына жүргізілген медианасы болады, және бұл кесінді үшбұрыштың A төбесінен жүргізілген биссектрисасы да биіктігі де болады.
Бұл теореманы үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісін пайдалана отырып өз бетімен дәлелдеңіз.
Пән: Геометрия