Үшбұрыштың медианасы деген не?
Мына суретте BD кесіндісі осы үшбұрыштың B төбесінен жүргізілген үшбұрыштың медианасы болады:
Медиананың аңықтамасы
Үшбұрыштың бір төбесінен, қарсы жатқан қабырғаның қақ ортасымен қосатын кесінді, осы төбеден жүргізілген үшбұрыштың медианасы деп аталады.
D нүктесі AC кесіндісін ұзындықтары бірдей AD және DC кесінділеріне бөледі.
Үшбұрыштың үш төбесі бар, әрбір төбе арқылы медиананы жүргізсек, онда үшбұрышта үш медиана бар болады. Сіз бір жапырақ қағазға үшбұрышты және оның үш медианасын салып көріңіз.
Пән: Геометрия