Таулар, Қазақстан таулары, биік және аласа таулар
Айналасындағы жерлерден 200-ден аса метр биік орналасқан жер бедері таулар деп аталады. Мысалы мынандай:
Биік, орташа және аласа таулар
Таулар биіктігіне қарап бірнеше типке бөлінеді - биік, орташа және аласа. Аласа таулар бұл биіктігі 200-1000 метр аралығындағы таулар. Орташа таулар биіктігі 1000-2000 метр болатын таулар. Ал биік таулар бұл биіктігі 2000 метрден жоғары болатын таулар.
Биік таулардың кейбіреулерінің төбелерінде мұздықтар бар болады. Мысалы Хан-Тәңірі тауында мұздықтар бар:
Қазақстан таулары
Қазақстан тауларға бай жер. Қазақстанның оңтүстігінде Тянь-Шань, Алатау, Қаратау сияқты таулар бар. Шығыс Қазақстанда Алтай мен Жоңғар Алатауы бар.
Орталық Қазақстанда Сары-Арқа таулары бар. Батыс Қазақстанда Мұғалжар таулары орналасқан.
Пән: География