×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Сілтеме деген не? Link тэгі

Создание интернет магазина

Сілтеме деген не? Сілтеме дегеніміз бір сайттан екінші бір сайтқа не осы сайттын басқа бір бетіне, бөлігіне апаратын элемент.

Мысалы мынау басты бетке апаратын сілтеме болады, себебі "басты бет" деген жазуға бассаңыз сіз осы сайттың басты бетіне ауысасыз, яғни www.esepter.com бетіне ауысасыз.

Қазіргі заманғы сайттардың барлығында сілтеме қоюдың құралдары бар, бұл құралдардың көмегімен сілтемелерді жеңіл жолмен қоюға болады.

HTML сілтемелер

Осы жерде HTML көмегімен сілтеме жасау жолдары қарастырылады. Бұл материал тек html бағдарламалауды үйренгісі келетін адамдар үшін ғана керек.

HTML-дің көмегімен бірнеше бетті жасап, олардың арасын сілтемелермен қосуға болады Бұл үшін link тэгі қолданылады.

Бір папкаға екі - index.html, eki.html файлдарың орналастырыңыз:

сілтеме деген не

index.html документіне мына кодты енгізіңіз:

сілтеме жасау

Енді осы index.html браузерде ашайық:

сілтеме

Көріп тұрғанымыздай біздің html документімізде сілтеме пайда болды, осы сілтемеге бассақ eki.html документі ашылады.

link тэгінің синтаксисі

Осы тэгтің синтаксисі мынандай:

<a href='адрес' title='сілтеменің тайтлы' target='_blank' >сілтеменің тексті</a>

Сілтеменің адресі ретінде html документің я болмаса сайт бетінің адресін (мысалы былай http://example.com/page12 жазуға болады, сілтеменің тайтлы және сілтеменің тексті ретінде кез келген тексті енгізе аласыз, target='_blank' атрибуты сілтемені жаңа терезеде ашу үшін қажет (бұл атрибутты қоймасақ сілтеме әдеттегідей ашылады, істеп көріңіз!).

Ескерту

<a href='адрес' > және </a> араларына суретті де орналастыруға болады.

Яғни суретті сілтемеге айналдыруға болады.

Пән: Бағдарламалау