×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Файл деген не? Файл типі. Файл аты. Файл кеңейтілімі

Создание интернет магазина

Файл деген не? Ұялы телефондағы не компьютердегі барлық мәлімет файл болады - фото, реферат, құжат, архив, музыка, видео және басқалары. Сіз өзіңізді суретке түсірсеңіз телефонда бір сурет пайда болады. Мысалы 20221231_145.jpg сияқты, бұл да файл, дәлірек айтсақ графикалық файл.

Файл деген не?

Немесе видео түсірсеңіз смартфонда 20221125_54.mp4 сияқты файл пайда болады. Бұл видео файл. Интернет желісінде талай файлдар бар.

Файл аты

Операциондық жүйеде файл аты дегені бар. Мысалы сіз Ом заңы жайлы реферат жазып оны om-zany.doc деп сақтай аласыз. Осы жердегі om-zany бұл файл аты. Немесе тойда суретке түсіп, суретті toi.jpg деп сақтай аласыз.

Файл аты оны сақтау және сұрыптау үшін керек. Смартфондағы файлдар аты бойынша ретке келе алады. Файлдарды атасаңыз оларды кейін табу жеңіл болады. Мысалы компьютерде ондаған реферат сақталса, керектісін оның аты арқылы таба аласыз.

Файл типі

Файл типі әрқилы бола алады. Мысалы бейне жазылған видео файлдар, дыбыс жазылған аудио файлдар, құжаттық дегендері. Операциондық жүйелерде файлдарды оның кеңейтілімі арқылы жиі ажыратылады.

Файл кеңейтілімі

Файл кеңейтілімі оның қай типке тиесілі екенің аңғартады. Осы заманда көптеген файл кеңейтілімдері бар. Жиі қолданылатыны мыналар:

Құжаттар

Құжаттық файлдар

docx, doc, pdf — құжаттар үшін қолданылады. Бұлар баршаға таныс Ворд пен ПДФ сияқты бағдарламаларда құрылатын және ашылатын файлдар.

Кестелер

xlsx, xls — эксель сияқты бағдарламада құрылатын кестелерді сақтау үшін қолданылатын файл кеңейтілімі.

Мәтіндік файлдар

txt — мәтіндік файлға жатады. Мәтіндік файлдар бағдарламалауда қолданылады. txt басқа да кеңейтілімі бар. Мысалы питон тілінде .py деген кеңейтілі бар мәтіндік файлдарда бағдарламалар сақталады. Ал php тілінде кеңейтілімі .php болатын мәтіндік файлдар қолданылады.

Сайт жасау үшін .html деген кеңейтілімі бар мәтіндік файлдар қолданылады. Бұл жайында html деген не? не сабағын оқыңыз.

Суреттер

Суреттер jpg, jpeg, png, gif файлдарында сақталады. Сіз өзіңіздің смартфоныңызда осындай суреттерді көріңіз. Бұлардың кеңейтімі қандай?

Аудио файлдар

Аудио файлдар mp3, wav, wma деген форматында сақталады. Интернеттен музыка не тректі жүктесеңіз осы форматта сақталады.

Видео файлдар

Видео файлдар mp4, mpeg, avi деген кеңейтілімге ие. Клип не кино осы файлдарға жатады. Ютубта бұндай файлдардың саны неше миллион десейші!

Архив

Архив немесе мұрағат zip, rar деген файлдарда сақталады. Әдетте бірнеше файлды біріктіру үшін архив дегенді пайдаланады. Мысалы ондаған фото, бірнеше құжаты бар файлдарды бір menim.zip деген файлға біріктіре аласыз.

Оларды кейін пошта не ватсап арқылы жіберуге оңай болады. Көп файлды таңдамай біреуін таңдап жібере саласыз.

Файл өлшемі

Файл өлшемі оның неше бит, байт, мегабайт, гигабайт орын алатының көрсететін шама. Компьютер не смартфон жадының қандай бөлігін алатының көрсетеді. Видео файлдардың өлшемі өте көп болады. Мысалы 100 не 500 мегабайт немесе 1-2 гигабайт. Соңдықтан оларды көп етіп смартфонда сақтай алмайсыз.

Ал суреттер бұлардан азырақ жадыны қажет етеді. Бір сурет 5-20 мегабайт жадыны алуы мүмкін. Яғни бір видео файлының өлшемі ондаған суреттің өлшеміне тең. Құжаттық файлдар тіпті жеңіл.

Пән: Бағдарламалау