Элементар электр заряды
Электронның заряды шамамен −1,6021·10−19 Кулонға тең. Осы заряд мөлшерін элементар электр заряды деп атайды. Электр заряды бұдан аз бола алмайды! Бұл аз шама, атомның салмағы сияқты аз, микро шамалар. Заттың ен кішкентай бөлігі атом болса, зарядтың ең кішкентай бөлігі бұл электронның заряды.
Электрон атомды айналып тұратын элементарлы бөлшек:
Атомның ядросында протон орналасқан. Протонның заряды электронның зарядына тең, тек оның таңбасы оң болады.
Зарядталған денелердегі заряд мөлшері бұл элементар зарядқа пропорционал болады.
Пән: Физика