×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Жылуөткізгіштік ұғымы

Создание интернет магазина

Металдар жылуды жақсы өткізеді, сол себепті ас дайындауда металдан жасалған ыдыстар пайдаланады. Ал кейбір заттар жылуды нашар өткізеді, мысалы ағаштан жасалған қасықтар, ыстық тамақтың ішінде қызбайды.

Бұл жылуөткізгіштік деп аталады. Жылуөткізгіштік заттардың жылу өткізу қабілетін сипаттайтын ұғым.

Жылу қалай тарайды?

Бір-бірімен шектесетіп және жылу алмасып тұрған екі затты қарастырайық (жылу қызылдан көкке алмасады):

Жылуөткізгіштік

Ыстық заттың молекулаларының жылдамдықтары, суық заттың молекулаларының жылдамдықтарына қарағанда басым болады.

Тез-шапшан қозғалатын молекулалар баяу қозғалатын молекулалармен шекаралық облыстарда соқтыққанда, өз энергиясының, өз жылдамдығының біраз бөлігін баяу қозғалатын молекулаларға береді де, өздері баяулайды. Осының нәтижесінде суық зат жылынады, ал ыстық зат суыйды да екеуінің температуралары теңеседі.

Металдардың жылу өткізгіштігі жоғары болады, себебі металдардың атомдары бір-біріне жақын орналасқан. Газдардың жылу өткізгіштігі нашар, өйткені газдардың молекулалары бір-бірінен алыс орналасқан. Сұйықтардың жылу өткізгіштігі газдардан жоғары бірақ металдардан төмен болады.

Пән: Физика