Жер қыртысы, мұхиттық Жер қыртысы, Жердің құрылысы
Қазіргі ғылыми деректерге сай Жер құрылысы қабат-қабат делінеді:
Осыларды біртіндеп баяндаймыз. Осы сабақта жер қыртысының түрлері баяндалады.
Литосфера деген не?
Литосфера деген не? Литосфера бұл Жердің қатты қабығы. Өзіміз күнде жүріп жүрген жеріміз. Бұның қалыңдығы бар жоғы 70-80 шақырымнан аспайды. Жердің барлық қабаттарының қалыңдығы 6371 шақырым құрайды. Жердің радиусымен салыстырғанда бұл жұмыртқаның қабығындай өте жұқа қабат.
Литосфераға Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалды тау жыныстарынан тұратын қабаттар енеді.
Жер қыртысы
Жер қыртысы құрлықта материктік Жер қыртысы, ал мұхиттарда мұхиттық Жер қыртысы боп бөлінеді:
Материктік Жер қыртысы
Материктік Жер қыртысы немесе материктік қыртыс бұл шөгінді жыныстардан, гранитті және базальтты қабаттардан тұрады. Бұның қалыңдығы жазық жерде 30-40 шақырымдай, ал таулы жерлерде қалыңдығы 70-80 шақырымға жетуі мүмкін!
Мұхиттық Жер қыртысы
Мұхиттық Жер қыртысы бұл мұхиттардың түбінде орналасады. Бұнда гранитті қабат болмайды, болса жұқа болады. Мұхиттық Жер қыртысы құрлықтықпен салыстырғанда қалын емес, бар жоғы 5-10 шақырым шамасында.
Шөгінді қабат әктас, қиыршықтас, құм және саздан тұрады. Бұлардың үстінде қара не сары құнарлы топырақ болуы мүмкін, бірақ жерді біраз қазсаңыз астында аталған заттар болады.
Мантия деген не?
Мантия дегеніміз бұл Жер қыртысынан кейін орналасқан қалың қабат. Бұл 2900 шақырым тереңдікте Жердің ядросымен шектеседі. Мантияның терең орналасқан қабаттарында температура жоғары болады. 100 шақырым тереңдікте +50 0С болса, 500 шақырымда +2000 0С. Ал ядромен шектесетін жерлерде температура +4000 0С болады. Бұндай температурада көптеген заттар балқиды, не тіпті буланады!
Бірақ бұндай тереңдікте қысым жоғары болғандықтан мантия құрамындағы заттар газ болып кетпейді.
Жоғарғы және төменгі мантия
Мантия жоғарғы мантия және төменгі мантия деп екіге бөлінеді. Бұлардың арасы шамамен 900-1000 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жердің ядросы
Жердің ядросы мантиядан кейін орналасады. Бұл Жер планетасының дәл центрінде орналасқан. Бұл шамамен 2900 шақырым тереңдікте басталып, 6371 тереңдікке (Жердің центрі) дейін болатын қабат.
Ядроның температурасы шамамен +4000 0С, сонымен қатар радиусы 1289 шақырым болатың ішкі ядро бар.
Сұрақ: ішкі ядро қандай тереңдіктен басталады?
Пән: География
Комменттер
Жердің ядросы неден кейін орналасады? Қандай тереңдікте? Гранитті қабат мұхиттық Жер қыртысында бола ма? Ал материктік Жер қыртысында? Литосфера деген не?
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Жер қыртысына баиланысты сұрақ барма
Kakachi
Жауап беру | Өзгерту | Жою