×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Ұлы Қазақ хандығы

Создание интернет магазина

1428 жылы билікке келген Әбілхайыр хан Алтын Орданың басым басым бөлігін билеп төстеп отырды. Сыр бойындағы қалалар, Сары Арқа, Сібір хандығы, Хаджы Тархан хандығы, Ноғай ордасы осы ханның билігін мойындады. Соңдықтан оны Сайын хан деп жұрт атады. Яғни Бату ханның атағын иеленді.

Бұған қанағат қылмай Әбілхайыр хан Әмір Темір мемлекетін бағындырып қазаққа тәуелді етті. Қыпшақ хандарына тәуелді боп қылды. Жалпы Алтын Орданың соңғы қуатты ханы деп осы Әбілхайырды атау керек.

Кейін хан науқастанып ел билеу ісіне баяғыдай араласа алмады. Неше түрлі әмірлер арасында алауыздық туылды. Оған қоса көптеген жорықтан ел азыды. Ел ішінде ханға деген наразылық туды. Бірінші боп Ноғай ордасы бөлінді.

Ақжолдың қазасы

Көне заманда арғынның Ақжол деген әділ биі бар еді. Осы би қыпшақтан шыққан Қара Қобыланды (Қобыланды батыр жырынының бас кейіпкерінің ұрпағы) батырмен араздасқан. Ақырында шайқасып Ақжол би мерт болды.

Бұған қалын арғын ашуланып қыпшақтан Қара Қобыланды батырды беруді талап етті. Батыр қыпшаққа сүйенген Әбілхайыр хан бұған қарсы болып батырды бермей қойған. Осыған қапаланып ел ханнан бөлек көшуді жөн көрді. Бұл көшті Орыс ханның ұрпағы Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарды.

Моғолстанға көшу

Жетісу жерінде құрылған Моғолстан аты моғол болғанмен негізінен түркі тілдес халықтан құрылған. Атап айтсақ дулат, жалайыр, қаңлы, қонырат сияқты Ұлы жүздің тайпалары бұнда үстем болған. Соңдықтан Сары Арқадан қай жерге көшу керек дегенде бірден осы Моғолстан аталды.

Моғолстанға келгенде осы мемлекеттің билеушісі Есен Бұға көшіп келген жұртқа Шу мен Талас жерін берді. Көшіп келген ел хан етіп Керейді сайлап хандық құрды. Сөйтіп 1465 жылы әлем тарихындағы зор орын алатын ұлы Қазақ хандығы құрылды.

Пән: Тарих