Механикалық қуат, қуаттың өлшем бірлігі - Ватт
A механикалық жұмыс t уақытта атқарылса, P қуат шамасы мына формула арқылы анықталады:
P = A/t
Қуаттың өлшем бірлігі Ватт, қысқаша Вт. Бір Ватт дегеніміз бір Джоуль жұмыстың бір секундта орындалуы.
Мысалы ат арба бір минутта 3 600 000 Дж жұмыс атқарса, ат арбаның қуаты неге тең?
P = A/t
P = 3 600 000/60 (бір минут = 60 секунд)
P = 60 000 (Вт)
Жауабы: ат арбаның қуаттылығы 60 000 Ватт.
Қуат ұғымының физикалық мағынасы
Қуат ұғымының формуласынан (P = A/t) байқайтынымыз, қуат неғұрлым көп болса, соғұрлым аз уақыт жұмысты орындауға жұмсалады. Яғни қуатты жұмысты орындаудың "жылдамдығы" деп түсіне аламыз.
Мысалы, бір құрылғының қуаты 20 Ватт, ал екіншісінің 800 Ватт болса, онда екінші құрылғы бір жұмысты біріншісіне қарағанда 40 рет тез орындайды!
Механикалық жұмыстың формуласы A = F S cosα ескерсек:
P = A/t
P = F S cosα /t
S/t = v
P = F S cosα /t = F v cosα
P = F v cosα
Есеп, құрылғы 90 миллион Дж жұмысты алты минутта орындаса, оның қуаты неге тең?
Орташа қуат
Жұмыс біркелкі орындалса механикалық қуат жоғарыдағы формулалар арқылы анықталады. Жұмыс біркелкі орындалмаса орташа қуат ұғымы қолданылады:
Pорташа = A/t
Орташа қуатты жұмыстың орташа "жылдамдығы" деп түсінуге болады.
Пән: Физика
Комменттер
10 минутты секундқа ауыстырамыз:
t = 10*60 = 600 секунд.
Жұмыс мына формула арқылы есептелінеді:
A = P*t
A = 30*600
A = 18000 Джоуль
Жауабы: 18000 Джоуль.
Есептер мен сұрақтар болса, ұялмай қоя беріңдер!
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Қуаты 30 вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді
Шорт Нет
Жауап беру | Өзгерту | Жою