×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Көлем дегеніміз не? Көлем өлшем бірліктері

Создание интернет магазина

Көлем дегеніміз не? Көлем бұл кеңістікте дененің алатын орның, сыйымдылығын сипаттайтын шама. Мысалы сусынның қабында 1 литр деп жазылады, бұның мағынасы сусынның көлемі 1 литр, бұл бөтелкеге 1 литр су (не басқа сұйықтық) сыяды дегені. Су таситын шелектер әдетте 10 литр болады, бұған 10 литр су құя аламыз:

Көлем деген не?

Бұған қалай көз жеткізе аламыз? Оп-оңай ақ, жанағы 1 литр сусынның бутылкасына су толтырамыз да шелекке құямыз. Шелекке 10 рет су бутылкамен құйылса оның көлемі 10 литр болады. 8 рет болса 8 литр болады.

Көлемнің қасиеттері

Денені бірнеше бөлікке бөлсек, оның бөліктерінің көлемдерінің қосындысы осы дененің көлеміне тең. Мысалы 1 литр алма сусының бірнеше стақанға бөліп құйсақ, стақандардағы сусынның жалпы көлемі бастапқы 1 литрге тең.

Көлем ұғымы

Көлем ұғымын енгізу үшін кубты пайдаланады:

Куб

Қыры 1 см болатын кубтың көлемі 1 см3 деп алынады ( см орнына, метр, км және тағы сол сияқтыларды пайдалануға болады). Бұны 1 куб сантиметр дейді.

Қыры 2 см кубтың көлемі қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін 2 см кубты 1 см кубтарға бөлеміз. Сонда неше 1 см куб пайда болады? Суретін сызып көріңдер.

Жалпы 8 куб пайда болады. Яғни қыры 2 см кубтың көлемі 8 см3. Бұл 2*2*2 деп табылды.

Көлемнің өлшем бірліктері

Куб см пайдалану ыңғайсыз, бұдан гөрі литрді пайдалану тиімдірек. 1 литр бұл қыры 10 см болатын кубтың көлеміне тең көлем. Бұл 1000 см3. Бұны қалай таптық? Жаттығу ретінде 8 литр қандай кубқа парапар? Оның қыры қандай?

Көлемнің өлшем бірліктері қатарына литрдан басқа куб м мен куб км да пайдаланады.

Пән: Геометрия