Тұманды Қаңтар
Ерте, ерте ертеде ерекше дамыған әрі бай Кедейстан деген ел бопты. Оны талай жылдар бойы Надансұлтан деген данышпан елбасы билепті. Бірақ мына әңгіме ол жайында емес.
Жаз айының соңғы күні. Ыстық жаз бітуге таяу қалса да әлі ырық бермей елге жылу, нұр сеуіп тұр. Мерекелі-берекелі күндер әлі жалғасып жатқайндай. Дәу, жасыл жапырақтары сансыз қарағайдын басы сәл ғана қозғалып алаңындағы жұртқа самал желдің басталғаның ескерткендей.
Осы жел соққан жақтан қызыл шырайлы, қызыл көйлектегі сұлу қыз шыға түсті. Жел сияқты оның келгені алаңға бір жаңалық әкелгендей болды. Бәрі жоқ жерден пайда болған ерекше сұлу қызға қарай салды. Жалғыз жүргендері де, қызбен жүргендері де қызға телміре қарай түсті.
Неге екені белгісіз көптін бірі боп жүрген ауылдан келген Асқарға сұлу қыз бір рет қарай салып әрмен қарай жүре берді. Асқардың бұтында трико, аяғында сланцы және оған қоса апасы тігіп берген жүн нәски.
Асқар ауылдан бүгін келіп қаланы аралап жатыр. Алмалы қаласының Барбрат алаңына жеткенше неше түрлі жер өтті. Азаннан кешке дейін не бір үйлерді не бір көліктерді көріп аң таң боп жүр. Біраз уақыттан кейін оның қарны ашып алдынан шыға қалған кафеге кіре салды.
Не аларын, не ішерін білмей тұра қалды. Мынау кофе ме деп сұраса жоқ ол экспрессо ал мынау ше ол американа деп жауап алатын. Сіз официантсыз ба деп стойкада тұрғаннан сұраса ол жоқ баристамын деп жауап қайырды. Менюді ашса бәрі бейтаныс, ауылда жоқ тағамдар. Капучино, стейк, латте, бизе, фреш.
Біраз уақыттан кейін палау деген жазуды көре салып қуана салды. Осыны деп официантқа нұсқап алдыра салды. Ауылда жүргенде апасы дайындағанда жас балалар сияқты сәбіз бен пиязды жемесе де осы жолы дымын қалдырмай жей салды.
Тамақтан соң ағасына хабарласуды жөн көріп қоңырау шалды. Ағасы оған қуанып алып кел деп өз шопырын жіберді. Ағасының үйі кең, жайлы, неше түрлі заттарға толы. Ас бөлмесіне кіре сала жатып тағы да палауға тап болды. Бірақ бұл жолы асап жеп отыра алмай, шұқып жеп отыра қалды. Күні бойы жүргенің, ауылдағы туысқандарының тірлігін айту үшін онысы қолайлы боп қалды. Байлар сияқты аздап жеп, көп сөйлеп отыра қалды.
Ағасының әйелі Дариға іштей қандай мәдениетті бала, шіркін ай менің де туысқандарым ауылдан келгенде осылай мәденитетті боп отырса ғой. Жоқ олай отыра алмайды, ашқарақ сияқты бәрін тауысып болғанша шайды іше береді. Шай бітсе шай қой дейді.
Асқар барын айтқанша шаршап кетті. Оның көзі іліне сала бастапты. Соны көрген ағасы далаға шығып сөйлейік деп сыртқа шыға салды. Аз уақыттан екеуі үйге оралып Асқардың бөлмесін ағасы көрсетті. Асқар іштей ағасына дән риза. Ауылдан босқа кетпепті деп түйе салып. Біраз уақыттан қорылдай сала қалды.
Асқар тәңертен ерте тұрса да бәрі оянып қалған. Сенбі болса да бәрі ояу. Сөйтсе бүгін ағасының тұнғышы балалар театрында шағын пьессада ойнайды екен. Ағасы Асқарға барасынба деп сұрады. Асқар жиенінің сүйсе де, оны ауылда талай рет атқа отырғызып, қымызға тойғызса да балаларға арналған пьессаға баратын жайы жоқ еді. Осыны сезе қалған ағасы театрда Шаһан Мұхтаров пьессаны қояды деп айта салды. Қай Шаһан? Талай өлең шығарған ақын ба? Талай жаманның аузын жапқан батыр ата ма? Иә дәл сол деп ағасы жауап қайырды.
Театр балаларға лық толы. Ата аналар да аз емес. Біраз уақыттан кейін саһнаға Шаһан Мұхтаров шықты. Зал ду ете қалды. Балалар қуанып, ата аналар шапалақты аямай ұрды. Маэстро қолы көтергенде бәрі демін ішке тартып қойды. Ақын сөйлей бастады. 18 ғасырдағы кедейстандықтарға ауыр тиді деп. Ел шетін жау шапты.
Кедейді халмақ алдап сулап алдады. Алғашында әрбір кедейге 20 қой мен 30 ат берем деп. Елді байытам деп. Жеріне құлықпен еніп салған соң елге ойран салды. Жерін алып соның басшысы хан деп өзін атай берді.
Онбаған халмақ ханның туысқаны елдің берекесін кетірді. Бірі суын алып, бірі жайлауын алып. Ханның онбаған туысқандары ерекше байып кетті.
Ақын біраз өкпелеп, осылай жатып уақыт зымырай ұшты деп салды. Далада бітпейтін қыс, жүректе ерімейтін мұз пайда болды деп. Адам адамға сенбей, адамды адам құрметтемей қилы кезең басталды деді.
Сахнада қағаздан жасалған бұл қағаздан жасалған жел біресе сол жақтан оңға, біресе оң жақтан солға қозғала бастады. Қойылымды көріп отырған балалардың енсесі түсіп кетті. Бірі жерге қарап, бірі анасының құшағына кірсе салды. Бәрі көңілсіз, бәрі мұнлы.
Сахнада кенеттен батыр костюміндегі бір бала пайда бола қалды. Мен Бөгенбайбекпін деп. Мен халмақты қырамын деп қолындағы қылышын сермей салды. Балалар шу ете қалды. Жанағы бала халмақтын бір қағаздан жасалған қамалын құлата салды.
Кейін екінші батыр бала сахнаға шығыпты. Ол мен Қабанбайбекпін деп халмақтын тағы бір қамалын қылышпен қиратып.
Одан кейін мен Жәнібекбаймын деп тағы бір бала тағы бір мұз қамалды қиратты. Сөйтсе екен ақ барша қамалдар қиратылды. Биік қамалдан басқасы. Ол жерде бас жау отыр.
Сахнаға қайтадан Шаһан шығып балалардан сұрады. Балалар бұндайда не айту керек деп. Залда отырған балалар жабыла салып - Шал кет! Шал кет! Шал кет! Деп айқай салды. Сол екен ақ ол қамал да құлай салды. Бәрі біріксе жау жоламайды деп ақын айтты.
Пьесса аяқталған соң Асқар тағы да сол сұлу қызды театр файесінен көре салды. Ол қарындасымен бірге дала жаққа кете жатты. Ағасы Асқардың қызды ұната салғаның байқап қалды. Оған кел сені таныстырамын, ол біздің көрші қыз дей айтқысы келейін дегенде, оның телефон нөмірі менде бар деп айтамын дегенде, Асқар өтінемін сөйлемеші кейін сөйлесерміз деп қыз жаққа асыға кетті. Оның ойы қайткенде сол қызды табамын, онымен танысамын деп оған асыға жету еді.
Пән: Ағылшын тілі