×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Бұрыш дегеніміз не? Сүйір бұрыш, доғал бұрыш, тік бұрыш

Создание интернет магазина

Бұрыш дегеніміз бір нүктеден шыққан екі сәуленің арасындағы фигура (суретте сары түспен боялған):

Бұрыш деген не

Осы фигураның өлшемі градус не π (пи деп оқылады) боп табылады. 180 градус немесе бір π дегеніміз бір түзудің бойындағы жатқан екі сәуленің арасындағы бұрыштың өлшемі:

180 градустық бұрыш

Осылай 180 градус немесе бір π аңықталады, қалған бұрыштар, осы 180-ке не π-ге пропорционал аңықталады, мысалы 90 градус немесе π/2 дегеніміз 180 градустық бұрыштың жартысы:

90 градус

360 градус дегеніміз екі рет 180 градус (жарты айналым) немесе бір айналым. Мысалы сағаттың секундтық тілі 60 секунд ішінде бір айналым жасайды, бұл дегеніміз секундтық тіл 360 градусқа айналды:

Сағат

Екі минутта сағаттың секундтық тілі 720 градусқа айналады (екі айналым жасайды). Секундтық тіл 15 секундта неше градус жасайды? 120 градус неше секундта жасалады?

Сүйір бұрыш

Геометрияда 900 градустан аз бұрыш сүйір бұрыш деп аталады. Мысалы 300 градустық бұрыш сүйір бұрыш болады, себебі 300 градус 900 градустан аз.

Жаттығу:

30, 45 градустық сүйір бұрыштарды салыңыз. Және осы бұрыштарды пи көмегімен бейнелеңіз.

Доғал бұрыш

Геометрияда 900 градустан көп бұрыш доғал бұрыш деп аталады. Мысалы 1200 градустық бұрыш доғал бұрыш болады, себебі 1200 градус 900 градустан көп.

Жаттығу:

1350, 1500 градустық доғал бұрыштарды салыңыз. Және осы бұрыштарды пи көмегімен бейнелеңіз.

Тік бұрыш

Геометрияда 900 градусқа тең бұрыш тік бұрыш деп аталады. Тік бұрыштың суреті:

90 градус

Пән: Геометрия

Комменттер

Геометрияда 900 градустан көп бұрыш доғал бұрыш деп аталады. Мысалы 1200 градустық бұрыш сүйір бұрыш болады, себебі 1200 градус 900 градустан көп.

Сонда 120° доғал ма сүйір ма? Біріншіде доғал дейсіз сосын сүйір деп жазғансыз.

ЗАРИНА СТЫБАЕВА

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Рахмет!

Түзеттім, бұндайда сіз аңықтамаға қараныз. Аңықтамаға қарасаныз түсінесіз.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ең үлкен бұрыш?

 

VECTOR FF

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сұрағынызды түсінбедік! Ненің ең үлкен бұрышы? Тік бұрышты үшбұрыштың ең үлкен бұрышы ма? Бұл 900 тең.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Ішкі және сыртқы аймағы дегеніміз не?

Қуандық Тағанияз

Жауап беру | Өзгерту | Жою

Сәлеметсізбе!

Мына суретке қараңыз:

Бұрыш

Бұл бұрыш. Суретте сары түспен бейнеленген жарты жазықтықты ішкі аймақ дейді. Ал басқасы сыртқы аймақ делінеді. Бұрышты құрайтын екі сәуленің арасында жатқан жарты жазықтықты ішкі аймақ, ал сыртындағысы сыртқы аймақ деп аталады.

Жандос Алпысбай-ұлы

Жауап беру | Өзгерту | Жою