×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Физикалық шама және физикалық шамаларды өлшеу

Создание интернет магазина

Физикалық шамалар табиғаттағы құбылыстарды зерттеу үшін қолданылатын ұғымдар. Мысалы қауынның салмағын килограммен өлшейміз, бұнда салмақ деген физикалық шама пайдаланады ал салмақтың өлшем бірлігі килограмм. Қауынның салмағы 15 килограмм дегенді физикада m = 15 килограмм немесе қысқаша m = 15 кг деп жазады.

Екі қауынды қалай салыстыра аламыз? Қай қауынның бағасы жоғары ал қай қауынның бағасы арзан болады? Бұны таразы көмегімен екі қауынды өлшеп көре аламыз, қай қауынның салмағы көп болса сол қымбаттырақ болады.

Физикалық шамаларды өлшеу

Физикалық шамалар табиғаттағы құбылыстарды сандық жолмен зерттеу үшін қажет. Физикада түрлі шамалар қолданылады - ұзындық, уақыт, масса, температура және тағы сол сияқтылары.

Ұзындықты метрмен, километрмен не сантиметрмен өлшейді. Уақытты секундпен, сағатпен, күнмен өлшейді. Температураны градуспен өлшейді. Өлшеу құралдары физикалық шамаларды өлшейтін құрылғылар. Ең қарапайым өлшеу құралы - сызғыш.

Сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшейді:

Сызғыш ұзындықты өлшейтін құрал

Физикалық шамаларды өлшеу дегеніміз өлшем бірлігі деп қабылдаған мәнмен салыстыру. Мысалы сызғышта 1 см деген жазу бар, бұл дегеніміз ұзындық. Телефоныңыздың ені 8 сантиметр болды дегеніміз, сіздің ұялы телефоныңыздың еніне 8 рет бұндай ұзындық сыйды дегенді білдіреді. Яғни өлшеу дегеніміз белгіленген стандартпен салыстыру.

Сызғышта не басқа өлшеу аспапта сандар және бөліктер бар, бұны өлшеу аспабының өлшем шкаласы деп атайды. Аспаптың құны бір бөліктің шамасына тең, мысалы сызғыштағы бір бөлік 1 милиметрге тең, соңдықтан сызғыштың құны 1 милиметр.

Метрлік жүйесі

Физикадағы шамаларды өлшейтің арнайы өлшем бірліктер бар. Мысалы ұзындықты метрмен (сантиметрмен емес), салмақты килограммен (граммен емес) өлшеу қолданылған. Есептерді шығарғанда бұл өлшем бірліктерін қолдану қажет.

Сантиметрді метрге айналдыру үшін жүзге бөлеміз. Мысалы 1500 сантиметр дегеніміз 15 (1500/100) метр.

Пән: Физика