Функция графигі және графикті салу
Функция графигі жазықтықта функциялық тәуелділікті бейнелеуге мүмкіндік береді.
Мысалы y = x+1 сызықтық функция графигін салу керек болса, x = 1, x = 2, x = 3,... деп аламыз да осыған сәйкес y есептейміз де осы нүктелерді саламыз да олардың арасын сызықпен қосамыз.
x = 1, y = 1+1 =2, сонымен бірінші нүктеміз (1; 2).
x = 2, y = 1+2 =3, екінші нүктеміз (2; 3).
x = 3, y = 1+3 =4, үшінші нүктеміз (3; 4).
Осы нүктелерді координат өсінде салсақ, мынандай график пайда болады:
Бұл түзу болады.
Жаттығу ретінде y = 2x - 1 функциясының графигін салып көріңіз.
Дәл осы әдіспен графиктерді сала аласыз. Графикті салу үшін математикалық анализ әдістері де пайдаланады.
График салу алгоритмі
y = f(x) функциясының графигін салу үшін, x-ке әртүрлі мәндер береміз де, осы мәндерге сәйкес y = f(x)-ді есептейміз де (x, y) нүктелерін жазықтықта саламыз.
Неғұрлым көп нүкте салсақ, соғұрлым график дәлірек болады.
Пән: Математика