Python деген не? Python тілі. Python мысалдар
Python деген не? Python тілі қазіргі таңда кең қолданылатын бағдарламалау тілдерінің бірі. Жасанды интелект, веб серверлер осы тілдін көмегімен құрылады. Инстаграм сияқты ірі сайт осы тілде жасалған. Питон тілі, Php мен Ruby тілдері сияқты жоғары деңгейлі боп табылады.
Жоғары деңгейлі дегеніміз құрамында бағдарламалаушыға көмекке келе алатын көп пайдалы дүниелері бар тіл. Мысалы экранға Сәлем Алматы! деген жазуды шығару үшін, C++ тілінде (төменгі деңгейлі тіл) мынандай код жазу керек:
#include <iostream> int main() { std::cout << "Сәлем Алматы!" << std::endl; return 0; }
Ал питон тілінде бар жоғы бір жолды жазу керек:
print("Сәлем Алматы!")
Демек осындай тілде сіз тез керекті бағдарламаны жаза аласыз.
Python мысалдар
Python мысалдар осы жерде бар. Python тілінде бағдарламалауды үйрену үшін оны компьютерге орнату керек. Сонымен қоса онлайн сервистерді де пайдалана аламыз. Бұл үшін python online деп гуглда теріңіз де бірнеше сайт шығады. Маған https://replit.com/languages/python3 сайты ұнайды.
Әрбір бағдарламалау тілін үйренгенде алдымен оқылатыны экранға Hello World! деген жазуды шығару. Бұнысы дәстүр боп кетті. Python тілінде осындай жазуды шығару бір жолммен іске асырылады:
print("Hello World!")
Осыны теріп көрейік:
Сол жаққа кодты тереміз, кейін Run басамыз да оң жақта кодтың нәтижесін көреміз.
Python айнымалылар
Әрбір тілде айнымалы деген ұғым бар. Айнымалы бұл белгілі бір мәнге ие шама. Мысалы менің кеңсемнің еңі 3 метр ал ұзындығы 5 метр. Ауданың табу үшін үш айнымалыны жасаймыз. Біріншісі eni, ал екіншісі uzyndygy. Бұған қоса ауданы да айнымалы болады, бұны audany дейміз.
Математикада ауданың табу үшін былай істеледі:
eni = 3
uzyndygy = 5
audany = eni*uzyndygy = 5*3 = 15
Питон тілінде де дәл осылай!
Сенбесеніз мына кодты теріңіз:
eni = 15
uzyndygy = 3
audany = eni*uzyndygy
print(audany)
Питон тіліндегі математикалық амалдар
Бағанағы мысалда көбейтуді пайдаландық. Сіз * символының орнына +, - не / қойып нәтижесін көріңіз. Бәрі мектептің математикасындағыдай.
Президент мал!
Кейде бірнеше рет бір сөйлемді жазу керек болады. Мысалы үш рет "Президент мал!" деп жазу үшін мынандай кодты пайдаланамыз:
Осы жерде байқасаңыз print ішіне president*3 деп тердік. Сіз 3 орнына бес не онды қойыңыз.
Осы жерде басқа жазуды пайдаланып оны жеті рет экранға шығарыңыз.
Питон тілінде жолдарды біріктіру
Питон тілінде жолдарды біріктіруге болады. Бұл үшін + операторын пайдаламыз:
Осы кодты қараңыз:
bir = "Bir Allaga siynyp, "
eki = "Kel balalar oqylyq"
wsh = bir + eki
print(wsh)
Өте қарапайым емес пе!
Python тіліндегі массив
Массив бұл тізім. Мысалы мен ақ, қара, сары және көк түсін бір массив етіп аламын:
Осы код twster массивін аңықтады және оның үшінші элементі Sary түсті экранға басты. Массивтерде санау 1 ден емес 0 басталады. twster массивінің нөлінші элементі Aq, бірінші элементі Qara, екінші элементі Sary және үшінші элменті Kok.
Сіз жаттығу ретінді апта күндерінен құралған массивті құрыңыз және экранға үшінші не екінші күнді басып шығарыныз.
Пән: Бағдарламалау