×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Интернет дегеніміз не? Интернет желісі және гиперсілтеме

Создание интернет магазина

Интернет деген терминді әрқайсымыз көп рет естиміз, бұны пайдаланамыз да, адамдар сайттарды ашып ішіндегі мағлұматпен танысады, мысалы осы Алаш Инфо сайтындағы сабақтарды балалар оқиды. Бұл қалай жүзеге асады? Интернет дегеніміз не? Гиперсілтеме деген не?

Осы сұрақтарға жауап берейік.

Браузер деген не?

Браузер бұл интернеттегі сайттарды қарау үшін жасалған бағдарлама. Қазір ең көп қолданылатыны Гугл компаниясының Хром деген браузері:

Браузер деген не?

Бұл браузерге бассаңыз Гугл сайты ашылады:

Гугл

Осының көмегімен интернеттегі сайттарды тауып ашуға болады. Кейбір құрылғыларда Гугл емес Яндекс не өзге ізденістік жүйесі ашылады, бұл телефонның баптауларына байланысты болады.

Бүкіләлемдік интернет желісі қалай жұмыс істейді?

Екі не одан көп компьютер бір-бірімен желі арқылы байланыса алады:

Интернет деген не?

Бұндай желі сым не сымсыз бола алады. Осы желіге қосылған әрбір компьютердегі мағлұмат, желіге қосылған өзге компьютерлерде көріне алады.

Мысалы мектептегі компьютер сыныптарда бұндай желілер болады, мұғалім өз компьютерінде тапсырманы бір папкада құрады да, желіге қосылған өзге компьютерлерде бұл тапсырма көрінеді, оқушылар бұл тапсырманы қарай алады, өз компьютеріне жүктей алады. Желі дегеніміз осы.

Интернет желісі дегеніміз бұл бір-бірімен байланысқан, бүткіл әлемді қамтитын компьютерлер желісі. Осы компьютерлерде мағлұмат сақталады. Мағлұматты өзгертуге, құруға, жоюға болады.

Әрбір сайттағы мағлұмат осындай компьютерлерде сақталады және біреу осы сайтты ашса бұл компьютерден мәлімет адам пайдаланып отырған компьютерге (смартфонға, планшетке,...) жіберіледі. Интернет желісі дегеніміз осы.

Интернет атауы ағылшынның inter (халықаралық) және net (желі) деген сөздерінен құралған. Интернетті ғаламтор деп те атай береді.

Интернет жүйесі

Интернетке мағлұматты жіберу үшін сайттарды пайдаланады. Мысалы біреу әлеуметтік жүйеге өз фотосын жүктесе, өзгелер бұл фотоны қарай алады. Өз телефонына жүктей алады.

Интернет жүйесі бұл өте күрделі жүйе, мына жерде айтылғаны бұл қысқаша ғана сипаттамасы. Ал бар сырын білу үшін бүткіл өміріңіз де жетпейді.

Сайт қалай жасалады? Гиперсілтеме деген не?

Сайттар арнайы HTML деген тілінде жасалады. Сайттар бір-бірімен гиперсілтемелер арқылы байланысады.

Гиперсілтеме немесе жай ғана сілтеме бұл бір бетке, бір құжатқа, құжаттын бір бөлігіне, файлға не өзге сайтқа апаратын механизм. Мысалы мына сілтемені бассаңыз Алаш Инфо сайтының басты бетіне барасыз.

Гиперсілтемелер қалай жасалады?

Гиперсілтемелер қалай жасалады деп сұрасаңыз? Гиперсілтеме html тілінде жазылады, бұның қоды мынандай:

<a href="https://google.com">Бұл сілтеме</a>

Гуглдың орнына басқа сайтты, документті қоюға болады:

<a href="/image/almaty.jpg">Алматы суреті</a>

Осы сілтеме сайттын image папкасында орналасқан almaty.jpg суретін ашады. Суреттің орнына ворд, эксель және өзге файлдарды қоюға болады. Форматын ұмытпай, мысалы:

<a href="/info/referrat.doc">Реферат</a>

Бір samal.pdf деген PDF файл сайттын text папкасында орналасқан болса, осы файлға апаратын гиперсілтеме қандай болады?

Электронды пошта деген не?

Электронды пошта бұл әрбір адам қолдана алатын бағдарлама. Сайтқа поштаны қосуға болады. Мысалы Гугл компаниясының тегін пошта құру сервисі - Джимейлі бар.

Әрбір адам бұл сервисте тіркеліп, бос болса өзіне адрес таңдай алады, мысалы almas@gmail.com (almas орнына өз атыңызды қоюға болады, бұл пошта адресі бос болса):

Электронды пошта деген не?

Бұл жерде тіркелгенде өз аты-жөңінізді, парольді және аккаунт адресін жазасыз.

Адрес пен парольді таңдап алғаннан кейін, сервиске кіруге болады:

gmail

Осының көмегімен өзгелер сізге электронды хат жаза алады, сіз де өзгелерге хат жаза аласыз.

Пән: Бағдарламалау