×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Массив деген не? Екі өлшемді массив. Php тіліндегі массивтер

Создание интернет магазина

Массив деген не? Массив бұл бірнеше элементтен құралған объект. Сіздің достарыңыз - Ахмет, Сәния, Олжас және Анар болса олардан массив құра аламыз. Мысалы php тілінде массив былай құрылады:

$dostar = array( "Ахмет", "Сәния", "Олжас", "Анар");

Php тілінде осы массивтің бірінші элементін экранға басу үшін былай жазамыз:

echo $dostar['1'];

Массивтің бірінші элементі Ахмет, екіншісі Сәния, үшіншісі Олжас ал төртіншісі Анар. Сіз жоғарыдағы мысалдағыдай php тілінде апта күндерінен құралған массивті жасаңыз. Ал айлардан массивті құра аласыз ба?

Массив көп элементтерден құрылуы мүмкін. Мысалы жиырма, отыз, жүз элементтен не одан да көп элементтен құрылуы мүмкін.

Екі өлшемді массив

Бұл бір өлшемді массив. Бұдан басқа екі, үш не одан да көп өлшемді массивтер де бар. Шахмат тақтасын қарастырайық:

Массив деген не?

Әрбір фигураның орны екі символмен аңықталады. Мысалы сол жақтағы қара аттың орны (B, 8) ал оң жақтағы қара аттың орны (G, 8). Ақ аттардың орындарын жазып беріңдер.

Екі қара аттан массив құра аламыз:

$qara_attar = array(
array(B, 8),
array(G, 8)
);

Әрбір элементі бір өлшемді массивтен құралған массив екі өлшемді деп аталады. Ақ аттардан екі өлшемді массив құрып беріңдер.

Пән: Бағдарламалау