Қасым Қайсенов
Өмірі. Қасым Қайсенов - әскери жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Асаубұлақ ауылында 1918 жылдың 23-сәуірінде дүниеге келген. Ол 1938 жылы Өскемен саяси ағарту техникумын бітіріп, Павлодар облыстық оқу бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. 1940 - 41 жылдары арнаулы әскери мектептен өтіп, соғысқа аттанады. Украина, Чехия жерлеріндегі партизан отрядтарының сапында жүріп, неміс басқыншыларына қарсы көптеген жанқиярлық шайқастарға қатысады.
Соғыстан кейін үкімет және баспа орындарында жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. Ол да әскери тақырыпты қаузайды.
Шығармашылығы. Қайсеновтің негізгі көтерген тақырыбы -соғыс, партизандар өмірі. Оның "Жау тылындағы бала", "Ажал аузында", "Жас партизандар", "Илько Витряк", "Переяслав партизандары" және т.б. шығармалары оқырмандар сүйіп оқитын, орыс, украин неміс, қырғыз тілдеріне аударылған елеулі туындылар. Аттары айтып тұрғандай, өзі партизандық құрған өңірлердегі тыл жауынгерлері мен жас партиэандардың шытырман оқиғалы ерліктерін қызғылықты етіп әңгімелейді.
Пән: Қазақ әдебиеті