Беттік керілу күші
Сұйық молекулалары бір-біріне тартылады. Мына суретте сұйықтықтың молекулалары бейнеленген:
Сұйықтық ішіндегі молекулаларды жан-жағынан өзге молекулалар тартып тұрады. Және бұлар бір-бірін теңестіріп отыр.
Ал беттік қабатта орналасқан молекулаларға әсер ететін күш тек бір жағынан болады, судың үстінде молекулалар жоқ болғандықтан, осының салдарынан сұйықтықтың молекулалары ішке ұмтылады. Бұндай молекулалардың қорытқы күші ішке бағытталған.
Осының салдарынан сұйықтық бетінде беттік керілу күші пайда болады. Бұл күштің салдарынан сұйықтық бетінде беттік керілу деген атпен белгілі физикалық эффектер пайда болады.
Осы керілу күшінің арқасында кейбір жәндіктер су бетінде сырғанай алады:
Беттік керілу коэффициенті
σ беттік керілу коэффициенті дегеніміз сұйықтық бетінде пайда болатын F керілу күшінің осы беттің l енінің бөлімдісіне тең шама:
σ = F/l
Беттік керілу коэффициентінің өлшем бірлігі Н/м немесе Дж/м2.
Пән: Физика