×
Сабақтар Хабарландыру тақтасы Кіру Қазақша-ағылшынша сөздік Ағылшынша-қазақша сөздік Пәндер Тіркелу

Қазақ тілі

Создание интернет магазина

Кіріспе.Қазақ тілі - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1989 жылдан бастап осындай міртебеге ие болды. Қазақ тілін мемлекетіміздің түпкілікті тұрғындарынан басқа Қытай , Моңғолия, Ауғаныстан, Иран, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Оның  толық қалыптасуына ҮІ - ХІІ ғасырлардағы Түркі қағанаты мен ХҮ - ХІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы ерекше ықпал етті. Басқа түркі тілдеріне қарағанда таза қалпымен, сөздік қорының молдығымен  ерекшеленеді. Ана тіліміз бүгінгі қоғамдық өміріміздің барлық салаларында - әдебиет, өнер, құқық, саясат, ғылым мен техника, педагогика, ақпарат және т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мейлінше жетілген ұлттық тіл.

Жетпіс жылдық Кеңес өкіметі тұсында тіліміз қатты қыспаққа түсті. Қолданылу аясы тарылды. Қазақ жазуы графикасын үш рет өзгертті: 1929 жылға дейін араб әрпін, 1940 жылға дейін латын әрпін қолданса, сол 1940 жылдан бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып келеміз. Сол құлдық санадан құтылу үшін, басқа түркі тілдерімен жақындасуымыз үшін Елбасымыз өз Жарлығымен 2018 жылдың 19 ақпанында латын графикасына негізделген  жаңа әліпбиді бекітті. Дегенімен, қазақ тілі бүгінде өзінің  фонетикалық, лексикалық-граматикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері  жетік қалыптасқан  құнарлы тілдердің бірі. 

Пән: Қазақ тілі

Комменттер

оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

 

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

 

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып, талдау жасаңыз.

 

Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір- қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет ар-намысы. Бұл жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадірқасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.

Жауап беру | Өзгерту | Жою