Империя дегеніміз не? Рим, Осман және Британ империялары
Империя дегеніміз не? Империя дегеніміз басшысы император болатын мемлекет. Империяда метрополия (империяның ішкі аумағы) мен отарлар (күшпен қосылған жерлер) бар болады.
Мысалы көне Рим империясы (б.з.д 27 жыл мен б.з 395 жылдар аралығы):
Мемлекет басшысы император атағына ие болған. Империяның орталығы Рим қаласы, ал өзге жерлер, мысалы көне Галлия (Франция) немесе көне Британия (Ұлыбритания) империяға күштеп қосылған. Бұл елдердегі халық көп қырылған, атам қазақ айтқандай - қызы күн, ұлы құл етіп сатылған.
Империяның тағы бір мысалы Осман империясы (1299-1922 жылдар аралығы), мемлекеттің астанасы Стамбұл қаласы еді. Империяның орталық аумағы қазіргі Түркия елінің территориясында орналасқан. Ал өзге жерлер, отарлар, күштеп қосылған. Мысалы Грекия немесе Сирия.
Британ империясы (1606-1997 жылдар аралығы) да бұндай мемлекетке жатады. Бұнда орталық аумақ доминион Британия еді, ал өзге жерлер, мысалы Үндістан осы Британ жеріне күшпен бағындырылған.
Ескендір, Шыңғыс хан, Әмір Темір, Бабур және өзге басшылар құрған империялар да тарихта болған. Империялар тарихта көп болған.
Пән: Тарих
Комменттер
Саламатсызба!
Империя өзге елдерді жаулап алу арқылы пайда болады. Мысалы XIII ғасырда көшпелі түркі және моңғол тайпалары Шыңғысханның қоластына бірігіп Тыңық мұхитынан бастап Адриатика теңізіне дейінгі жерлерді жаулап алды. Осылай Шыңғысханның империясы құрылды.
Рим империясы алғашында Италия жерін, одан кейін Жерорта теңізінің жағалауындағы өзге елдерін жаулап алу арқылы кеңейді. Империя бұл көп елдерден құралған мемлекет. Кешегі Ресей империясында орыстар, қазақтар, украиндар, өзбектер және басқа елдер бар еді.
Жауап беру | Өзгерту | Жою
Иперия қалай пайда болды
КІШКЕНТАЙ ҰСТАЗ
Жауап беру | Өзгерту | Жою